15 қыркүйек күні сағат 11.00 – 19.00 аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап ғылыми кітапханасы алаңында Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған екінші жалпы республикалық «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Фестивальдің мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Фестиваль Бағдарламасында:

  • «Қазақ поэзиясының хас шебері», «Мәңгілік мұра» кітаптар керуені;

    «Мен жастарға сенемін...» әдеби вернисаж;

    «Мағжан әлемі» әдеби подиум;

    «Бір ел – бір кітап 2023» акциясы ақпарат уақыты;

    «Bırge söileiık» әңгімелесу сабағы;

    «Қол өнер - сырлы өнер» hand-make көрмесі;

    «Моншақ - киімнің көркі» шеберлік сағаты;

    «Кітап басқатырғышы»BOOK GAME;

    «Қарағанды ескерткіштері», «Әңгімешіл балалар» және «Қазақстанның қызықты деректері» білім аукциондары;

    «Скажи книге - ДА!» BookCrossing zona.

Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Қатысушылар: жас ақындар, Қарағанды қаласының оқу орындары мен мұғалімдері.