2022 жылдың 6 мамыр күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова мен Халық Қаһарманы Х. Доспанованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың батыр қыздары» эссе байқауының қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Эссе байқауына Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің 9-11 сынып оқушылары және Т.Бигелдинов атындағы «ЖасҰлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты. Барлығы 69 оқушы қатысты.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде орындалды. Қазылар алқасының жұмысына Е.Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал эссе байқауының жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқау нәтижесі бойынша:

І орынды С.Саттаров атындағы №57 мектеп – лицейінің оқушысы - Касымов Сұлтан, Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы Хасен Еркебұлан иеленді;

II орынды Б.Момышұлы атындағы №77 мектеп – бөбекжай кешенінің оқушысы – Кайратов Азизхан, ЖББ №48 ОМ оқушысы Гурьева Арина иеленді;

III орынды Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы – Оралбек Расул, Ю.Павлова атындағы №35 ЖББ мектебінің оқушысы – Остапюк Анна иеленді;

Ынталандыру сыйлығын: Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы – Әзірбек Даниал, Қ.Сәтпаев атындағы №38 мектеп гимназиясының оқушысы – Гезиджи Мелиса иеленді.