Кітапханада «Бүгінгі сән - КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының Апталығы аясында 18 сәуір мен 23 сәуір аралығында оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған квест ойыны, әдеби тур, викториналар мен әртүрлі шаралар өткізілді. Соның ішінде ерекше форматта «Жасырын кездесу» Кітаптар акциясы ұйымдастырылды.

Бұл акция біздің кітапханада алғашқы жыл өтіп жатқан жоқ, акция идеясын Леон Баттист атындағы оқырман клубының мүшелері ұсынған болатын.

Көбінесе кітапханаға келген оқырмандар белгілі бір жанрдағы кітаптарды немесе мұқабасы мен аннотациясына қарап таңдайды. Сондықтан оқырмандардың мүдделерін әртараптандыру үшін, оқу залының қызметкерлері «Жасырын кездесу» кітаптар акциясында түрлі жанрдағы кітаптарды қағазға орап жасырды.

Акцияның мақсаты – оқырмандарды оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, қиялды дамыту, кітап оқуды насихаттау арқылы жастардың бойына рухани құндылықтарды ұялату.

Акцияға Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің I курс студенттері және Қарағанды индустриалдық университетінің (Теміртау қ.) студенттері қатысты.

Олар, қағазға оралған жасырылған кітаптардың қысқаша аннотациясы, кітаптан алынған дәйексөз немесе суреттер арқылы өздерінің түйсіктеріне сүйене отырып кітаптың атауы мен авторын табу арқылы қызықты кітаптармен танысты.

Әрине, бұл ойын белгілі бір әдеби дайындықты, тапқырлықты және логикалық тізбектерді құруға мүмкіндік береді. Дегенмен, студенттер, кейбір кеңестердің көмегімен тапсырмаларды сәтті орындады. Кітаптың авторын және атауын құмарлықпен тапқан қатысушы жасырған кітапты сыйлыққа алды.

Атап айтқанда, қазақ фольклорының інжу маржаны – «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры, ұлы ақын А.Құнанбаевтың «45 қара сөзі», танымал журналист, кәсіпкер М. Сапарбайдың «Ақша», сондай-ақ ағылшын тілдерінде А. Хейлидің қаламынан шыққан «Аэропорт» романы, В.Гюгоның «Человек, который смеется», орыс тілінде С. Кингтің «Худеющий», Д.Кейстің «Элджеронға арналған гүлдер» романы және т.б. кітаптар сыйға тартылды.