Бүгін кітапханамызда Қарағанды облысының дін істері басқармасының теолог маманы Турапбай Марат Нұрғалиұлымен кездесу өтті. @din.qaragandy
Кездесу барысында радикалды діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтану, деструктивті діни ағымдардың қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына төндіретін қаупі жайлы ақпарат беріліп, бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері дін жөнінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақты қордағы араб тілінде жазылған көне әдебиеттермен таныстырды.