2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін»,- деп Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде айтты.

«...Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.

Кітапханамызда ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және «2022 – Балалар жылына» орай балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында кешенді жоспар әзірленді.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Қазақстандағы Балалар жылына арналған іс – шаралар жоспары

Рс

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Іс-шараларды ақпараттық қолдау

1.                   

Іс-шаралар жоспарын дайындау

Кітапхана сайтында слайдер мен іс-шаралар жоспарын орналастыру

қаңтар

Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі

2.                   

Көпшілік іс-шараларды ақпараттық қолдау

Кітапхана веб-сайтында іс-шаралар өткізу туралы жаңалықтар мен шолуларды орналастыру, БАҚ үшін баспасөз парақтарын дайындау

Өткізілуіне қарай

Қызмет көрсету бөлімдері

3.                   

«Балалар жылы»

Ақпараттық стенд

ақпан

АБҚБ

4.                   

«Балалар әдебиеті жылы»

Кітапхана қорын толықтыру

Жыл бойы

ҚЖОжКҰБ

Мәдени-көпшілік іс-шаралар

5.                   

«Қызықты қазақ тілі»

«Қазақша сөйлесейік» балаларға арналған клуб сабақтары

Жыл бойына

Айна бір рет

КОҚС

6.                   

«Мир путешествий по родной земле» сағаттар циклы

«Юные краеведы» үйірмесінің сағаты

(9 сағат)

Жыл бойына

Айына бір рет

Өлкетану бөлімі

7.                   

«Оқитын отбасы»

Отбасылық оқу байқауы

Жыл бойына

Абонемент

8.                   

«Классики-детям»

Кітапхана керуені

Жыл бойына

Абонемент

9.                   

«Жақында Гоголевкада»

Жаңа кітаптар анонсы

Жыл бойына

ҚЖОжКҰБ

10.               

«Мейірімге толы жүректер»

Қайырымдылық марафоны

Жыл бойына

Барлық бөлімдер

11.               

«Балалар әдебиетінің бағбаны» Ақын Е.Елубаевтың 80-жылдығына

Бейне әңгіме

ақпан

Абонемент

12.               

«Күрсінбе, жүрек, дүрсілде...» Ақын, сазгер  Т.Бейсембектің 80-жылдығына

Поэзия сағаты

наурыз

Өлкетану бөлімі

13.               

«Қуыршақ әлемі=Мир кукол»

Қолөнер шеберлеріне арналған арт-марафон

Ақпан-наурыз

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі

14.               

«Кітап оқу – сән!»=«Читать – это модно!»

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы

Сәуір

Абонемент

15.               

«Кітапханадағы жаз»

Оқу мен бос уақыт бағдарламасы

Маусым-тамыз

Қызмет көрсету бөлімдері

16.               

«Домбыра күні - ұлттың үні»

Танымдық сағат

Маусым-шілде

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі

17.               

«Қызықты ағылшын!

оқиық, білейік, сурет салайық»

Балаларға арналған ағылшын сабақтары

Маусым-шілде

Халықаралық кітаптар бөлімі

18.               

«Балаларға базарлық»

Әдеби сағаттар циклы

Маусым-тамыз

КОҚС

19.               

«Ертегілер әлеміне саяхат»

Онлайн ертегілер циклы

Маусым-тамыз

Қызмет көрсету бөлімдері