23 қарашада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісін дамыту стратегиясы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер» атты VІIІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Cеминар гибрид форматта (офлайн және онлайн) өтті.

Семинардың мақсаты:

  • Облыс кітапханаларының даму стратегиясын анықтау.
  • Кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетті дамыту.
  • Халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.

Атап айту керек, семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, оған спикерлердің әсерлі аналитикалық баяндамалары және кітапханашылардың кәсіби диалогқа белсенді қатысуы ықпал етті.

Толығырақ...

Биыл өңіріміздің ең ірі өнер ордасы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында елуден астам жыл еңбек еткен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабековтың 75 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай кітапханамыздың оқу залында «Сахна тарланы» бенефисі өтті.

Өнер сүйер қауымды актер-драматург, сахна саңлағы Кеңес Нарымбайұлының өнердегі өнегелі өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткен бұл шара ашық алаң форматында өтті.

Толығырақ...

Кітапханада сегіз қырлы, бір сырлы, қайраткерлігі елге аян, ағартушылығын халқы қастерлеген Қуаныш Мақсұтовтың «AlphaPrint» баспасынан жарық көрген «ҚҰТ» кітабының таныстырылымы өтті.

Заманауи жетістіктер қолданылған жаңа кітапта ақынның поэзиясы, бардтық туындылары, шансондары, көсемсөздері топтастырылған. Кітапта көрсетілген QR-кодтар арқылы музыкалық туындыларды тыңдап, Қ. Мақсұтовтың YouTube арнасындағы мәліметтермен танысуға болатын ерекшелігі бар.

Ашық диалог форматында өткен кеште оқырман қауым жаңа кітаппен танысып, көңілдерінде жүрген көкейкесті сұрақтарына жауаптарын алып, өлеңдерін оқып, ән мен күй тыңдады. Фото-кітап көрмесін тамашалады.

Толығырақ...

Есімі өз дәуірімен бірге аталатын және өзі ғұмыр кешкен кезеңмен бір ұғым, бір құбылыс болып кететін тұлғалар болады ғой. Бізге сыйға тартылған осы кітап кейіпкері сондай Тұлғаға, Шырақбек Қабылбаев құрметіне арналған.

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, запастағы полиция генерал-майоры, Шет ауданының Құрметті азаматы Мирлан Ахмедияұлы Қызылов кітапхана қорына өзінің 2023 жылы «Алгорифм» баспасынан жарық көрген «Министр Қабылбаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Толығырақ...

Назарларыңызға қазақтың айтулы ақыны, балалар әдебиетінің ірі өкілі Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған  «Мұзарт таудай Мұзаға» атты әдеби бейне шолуын  ұсынамыз.