Оқырмандар назарына!

Кітапханада геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Қарағанды өңірінің колледж студенттерінің арасында «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ» атты облыстық зияткерлік ойын өтеді.

Ойынның ЕРЕЖЕСІМЕН таныс болыңыздар!

Қазақ руханиятынан өзіндік орынын ойып тұрып алған белгілі журналист, шежіреші, этнограф - жазушы, өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан Майбастың 70 жылдық мерейтойы аясында өңірімізде қаламгердің шығармашылығына арналған мәдениет, білім беру мекемелерінде рухани іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр. Осындай игі шара жалғасы ретінде сөз өнерінің жілігін шағып, майын ішкен Төрехан Әкімжанұлының Алматы қаласының «Алгорифм» баспасынан 500 данамен жарыққа шыққан «Алжыған ғасыр» кітабының таныстырылымы өтті.

Рухани кештің беташар сөзін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев ашып, жазушының 70 жас мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Толығырақ...

Ұлттық рухтың шырақшысы: Қазақ әдебиеті газетінің 90 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2024. - 15 б.

Бүгінде 90 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған «Қазақ әдебиеті» газетінің алғаш құрылғандағы мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, әдебиетті жұртшылыққа таныту болды.

«Қазақ әдебиеті» – ана дәуірде де, бүгінгі Тәуелсіздік дәуірінде де қазақ көркем сөзінің өсуі мен өркендеуіне барынша ықпал жасаушы, Республикадағы бірден – бір қарымы мықты басылым.  

«Қазақ әдебиеті» газетінің ұзақ жылдардағы тарихына өрлегенде, бізге мәлім шежіресінде оның жұртшылық ықыласына бөленгені, елдің көңіліндегі армандар мен мүдделерді дәл тауып айтқан, проблемалық мақалалар көтере білген басылым екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен қатар газетің әр санынан қоғамдық өмір, саясат, әдебиет пен өнер,  ұлттық салт - дәстүр тақырыбын оқи аламыз. Газетті оқи отырып оның бүгінгі таңда үлкен жетістікке жеткенін көреміз.

«Қазақ әдебиеті» газетінің тойы – жалпы, қазақ әдебиетінің, қазақ мәдениетінің, ұлт руханиятының тойы, ел - жұртымыздың еңселі биігі.

Құрметті оқырман «Ұлттық рухтың шырақшысы» атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Жадынама көпшілік оқырмандарға арналаған.

Құрметті оқырмандар! Өңіріміздің оқиғалары мен тамаша адамдары туралы қысқаша ақпарат беретін, біз «Қарағанды хронографы: «Оқиғалар мен есімдер» атты жобасын жалғастырамыз. 2024 жылдан бастап Хронограф қазақ тілінде жарияланатын болады. Хронографта ұсынылған ақпарат арқылы ғаламдық желіде өлкетанулық контент толықтырылады. 2024 ж. хронографында өңіріміздің әйгілі тұлғалардың қысқаша өмірбаяндары мен атаулы оқиғалары ұсынылады. Біздің күнтізбеміз бұрынғыдай ай сайын жарияланады және бірінші шығарылым қаңтар айының оқиғалары мен есімдеріне арналған.

10 қантар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана базасында Қарағанды облысы кітапханаларының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы және кітапханалық мәселелерді талқылау мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қ.Т. Ашкеев, облыстық кітапханалардың және қалалық, аудандық ОКЖ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отырыс барысында  тұрғындарды кітапханалық қызметпен қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, кітапханалардың ғимарат жағдайы, сайт мәселесі, ОКЖ-дың кәсіби біліктілігін көтеру, қаражат бөлу мәселелері және оны тиімді жұмсау сұрақтары, сонымен қатар 2024 ж. арналған жылдық жоспарлары талқыланды.