22 қыркүйек күні кітапханамызда мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде  тойланып жатқан алаштың арысы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері,  ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған "Дәуірдің жарық жұлдызы" атты әдеби-тарихи кеш өтті.

Әдеби-тарихи кешке Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "Тұлғатану" пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент, профессор Н.А. Бейсембекова, т.ғ.к., доцент, профессор Л.Қ. Шотбакова, тарих ғылымының доценті, профессор Г.М. Смагулова, тарих ғылымының, доценті, профессор Б.Т. Төлеуова және де тарих факультетінің аға оқытушысы, доцент Н.Б.Смағұловтар сөз сөйлеп, Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында, шығармашылық мұрасы туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Кездесу барысында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы және С.Саттаров атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының халықтың мұң қайғысын тұспалдап жеткізген  мысалдарын, ойлы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалымның "Екі жирен"  әнін Тілеуғали Нұрәли орындап, көрермендер көңілінен шықты.

Осы кеште А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 11"A"сынып оқушысы Тілеубек Бердібек Ахмет Байтұрсынұлына өзіне арнау өлеңін орындады.

Кеш барысында "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесіне әдеби танымдық мұрасымен баспасөз беттеріне шыққан мақалаларымен және де кітапхана қорына жаңадан түскен ұлы тұлғаның шығармаларымен таныстырылды.

Әдеби-тарихи  кешке белсене қатысушылар алғыс  хаттармен  марапатталды.

 Зарубекова Ж.М. Абонемент