2022 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2021. – 86 б.

Сіздердің назарларыңызға Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы 1971 жылдан шығарып келе жатқан Қарағанды облысының атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесінің кезекті шығарылымын ұсынады.

Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Өлкетану бөлімі құрастырып отырған бұл басылым республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды және өлкетану білімін кеңінен таратуын мақсат етіп отыр.

Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, яғни кітапхананың электрондық және дәстүрлі каталогтарынан, анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорынан, интернет – ресурстарынан.

Күнтізбе материалдарын күнделікті жұмыста БАҚ, кітапхана және клуб мекемелері, мұғалімдер, тарих мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар қолдана алады.

Күнтізбе материалдары республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Өлкетану» кіші бағдарламасының базалық жобасын іске асыру міндеттері жүктелген білім беру мекемелері үшін ерекше құнды.

 

Күнтізбенің құрылымы ақпаратты іздеуге ыңғайлы, мәліметтер хрогология бойынша тізілген, басылымның басында сілтемелер мен әдебиеттер тізімі қоса берілген. Күнтізбе соңында «Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі берілді. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Сондай-ақ күнтізбеде белгілі бір оқиғаның немесе адамның өмірбаянының мәні мен мағынасын сипаттайтын мәтіндік анықтамалар және әдебиеттің ұсыныс тізімдерімен толықтырылған, оның ішінде кітаптар, жинақтар, мерзімді басылымдардағы мақалалар. Әдебиеттер тізімі соңғы жылдарда жарық көрген мәліметтермен толықтырылды.

Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде құрастырылды. Бөлімдердің ішінде материал хронологиялық ретпен, тізімдегі әдебиеттер авторлар мен тақырыптардың алфавитінде орналасқан.

Әлемде болып жатқан пандемия кезеңінде көптеген ұйымдар мен мекемелер онлайн-режимде жұмыс істейтіндіктен, кейбір әдебиеттер тізімінде мүмкіндігінше электронды толық мәтінді онлайн-ресурстарға сілтемелер көрсетіледі.