2021 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2020. – 86 б.

Қарағанды облысының тарихи, қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени оқиғаларының, елімізді дамытуға үлкен үлес қосқан белгілі адамдардың мерейтойларынан тұратын (10, 25, 50, 60, 75, т.б., 100, 125, 150, … жылдықтары) библиографиялық әдебиеттер көрсеткішін кітапхананың «Өлкетану әдебиеті» бөлімі жыл сайын дайындайды.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы бұл басылымды 1971 жылдан бастап құрастырып шығарып келеді.

2021 жылға ұсынылып отырған «Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауын мақсат етіп отыр.

Көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің, Қарағанды облысының дамуына үлкен үлесі қосқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, атақты жерлестер мен азаматтарының мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныс тізімі берілген.

 

Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтарының нығаюына, Отаны мен туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды. Яғни Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың электрондық және дәстүрлі каталогтарынан, анықтамалық және библиографиялық баспалар қорынан, интернет – ресурстарынан.

Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де «Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Библиографиялық көрсеткіш отандық тарихты насихаттауда ақпараттық желеу болатын мерейтойлық және атаулы күндерге байланысты қызығушылық тудыратын ретроспективті ақпараттың тиімді пайдаланылуын ұйымдастыруда облыстық мұрағат мекемелерінің қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, зерттеушілерге, баспа мекемелерінің қызметкерлеріне, студенттер мен оқушыларға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларына және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға көмек көрсету мақсатында әзірленген. Сонымен бірге аталмыш басылым кітапханашыларға әдеби кештердің өткізуіне, кітап көрмелерін ұйымдастыруға, библиографиялық анықтамаларды орындауға көмегін тигізеді. Басылым қазақ және орыс тілдерінде жасалды.