Құрметті оқырмандар!

Облысымыздың бас кітапханасы тағы да бір құнды кітаппен толықты.

Кітапхана қорына белгілі ғалым, өлкетанушы Тұрғанбек Алланиязов Жезқазған қаласынан арнайы келіп, кітаптарын сыйға тартты.

Кітап авторына құнды дүниені кітапханаға табыстаған үшін алғыс айтамыз. Еңбегіне жеміс және өлкетанулық тың деректер табуына тілектеспіз.

Жезқазған қаласының әлеуметтік-саяси тарихы туралы толымды ақпарат іздеген оқырмандарға таптырмас еңбектерді кітапхананың өлкетану бөлімінен оқуға болады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорын толықтырудың бір көзі - сыйға тартқан кітаптар болып табылады. Сыйлық болып кітапхананың қорын толықтыру  құралын құрайтын және оның қызметіне жауап беретін кез-келген ақпарат тасымалдағышындағы баспа басылымы немесе басқа бір пішіндегі құжат түрі табылады. Сыйға тарту –кітапханаға құжаттарды қайтарусыз (тегін) түрде жеке тұлғаның (бір топ адамның), мекеме немесе ұйымның белгілі талаптарға сәйкес мезгілді, ауық-ауық немесе бір рет берілуін қамтиды.  Кітапханаға кітаптарды авторлар, баспа үйлері, кітапханалар, жоғарғы оқу орындары, институттар, мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қорлар сыйға тартады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітапхана қорына жасаған тартулары үшін Сыйлық ұсынушыларға үлкен алғыс білдіреді.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қоры тек қана облыстық ақын-жазушылардың кітаптарымен ғана емес, қазақ әдебиетінің құнды туындыларымен де толығуда. Сондай-ақ кітапхана қорында Қазақстанға белгілі қаламгерлердің арнайы сыйға тартқан шығармалары да бар. Соның бірі - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, сатирик,  жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың лебізін білдіріп, қолтаңбасын қалдырған 12 томдық шығармалар жинағы, "Деген екен" және  орыс тіліндегі "Сказ столетнего степняка" атты кітаптарының барын үлкен мақтанышпен айта аламыз.

Құрметті оқырман!

Біздің кітапхана қоры 5 томдық "Кемел" атты керемет сыйлық басылыммен толықты. Кітаптың авторы - жазушы Мырзагелді Кемел. Әр томы оқырманды атауымен-ақ қызықтыратыны сөзсіз: "Ойтұмар", "Ойдана", "Ойсана", "Ойтаным", "Ой-дәптер".

 

Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді [Мәтін] = Каюм Мухамедханов: письма говорят / жауап. ред. А. Т. Смағұлова ; құраст. Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы қоғамдық қоры. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016.

Мұхамедханов, Қ. Шығармалары [Текст]. 1 т. : Абай шығармаларының текстологиясы жайында / Қ. Мұхамедханов ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - 2-басылым. - Астана : Фолиант, 2014.