Онлайн тіркел!
"Заманауи кітапхана: даму векторы" конференциясына онлайн тіркелу ашық!

Кітапхана мерейтойына арналған "Заманауи кітапхана: даму векторы" конференциясына тіркелу ашық екендігін жариялаймыз! Онлайн тіркелумен біргеіс-шара форматы, конференция тақырыптары және тағы басқа ақпараттар қамтылған конференцияның арнайы бетін құрдық.

"Заманауи кітапхана: даму векторы" - Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылар үшін ұйымдастырып отырған 2014 жылғыкүз мезгілінің басты іс-шарасы. Аталмыш конференция кітапхана ісін жаңғырту аясында жұмыс жасайтын кәсіби мамандарға арналған. Екі күндік конференция барысында өткізілетін сессияларға, дөңгелек үстел мен әртүрлі шараларға қатыса отырып, тәжірибе жүзінде технологияларды меңгере аласыз, сонымен қатар, еркін түрде әріптестермен, сарапшылармен бірге болашақ кітапханалық технологиялар туралы мәселелерді талқылай аласыз.

Конференция ауқымында:

  • 2 күн, іскерлік формат;
  • Мәдени бағдарлама;
  • 10 баяндама;
  • "Кітапхана – білім, шығармашылық және қарым-қатынас коммуникацияларын бірлесе пайдалануды ұйымдастыру ошағы" (ашық алаң);
  • "Кітапханаларғаблог қажет пе?" брифингі;
  • Экскурсиялар;
  • Дөңгелек үстелдер;
  • Кешкі бағдарлама

"Заманауи кітапхана: даму векторы" конференциясы кітапхана технологиялары бағытындағы барлық өзекті баяндамалар тақырыптарына бай. Конференцияға танымал сарапшылар қатысып, баяндамалар оқиды. Қазіргі уақытта баяндамалар бағдарламасын дайындау үстіндеміз, конференция бетін назардан тыс қалдырмаңыздар, тосын жайттарға дайын болыңыздар!

Баяндама туралы немесе жалпы конференция туралы айтар ұсыныстарыңызды пікір жазу бағанында қалдыра аласыз!