Қарағанды қаласының құрметті азаматтары: Библиогр.әдебиет. көрсет. - Қарағанды: Б.ж., 2004. - 36 б.

Қарағандыда құрметті азаматтардың əлеуметтік институты 1967 жылдан бастау алған. Еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің 1967 жылғы 12 қазандағы шешімімен «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ереже бекітілді. Бұл атақ ғылым, мəдениет, қала шаруашылығы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау саласында, қалаға сіңірген еңбегі үшін жұмысшыларға, инженер-техник қызметкерлерге, зейнеткерлерге, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін өндіріс озаттарына, сондай-ақ облыс аймағына қонған ғарышкерлерге беріледі. Тоқсаныншы жылдарға дейін Құрмет кітабына 40-қа жуық адам енгізілді. Олардың арасында қаланың тұңғыш дəрігерлерінің бірі Я.Ф.Алалыкина, КСРО-ның Құрметті шахтері М.Рақышев, ғарышкерлер Г.С.Шонин, В.Н.Кубасов, А.В.Филипченко, В.И.Волков, В.В.Горбатко, В.А.Шаталов, А.С.Елисеев, Кеңес Одағының Батыры М.Мамыраев жəне тағы басқалар енді.

Қарағандының құрметті азаматтарына диплом, көгілдір лента, тағайындалған куəлік үлгісі, омырау белгісі табыс етіледі. Құрметті азаматтардың фамилиясы, аты-жөні Құрмет кітабына жазылады.

1989 жылғы алғашқы орыс тілінде жарық көрген «Қарағанды қаласының құрметті азаматтары» атты көрсеткішке мына адамдардың есімі енгізілген. Алалыкина Я.Ф., Васькин Н.И., Даненова Ф.К., Золотарев А.С., Карабанов И.А., Қарсыбекова Г.Р., Колыванов И.А., Мамыраев М.М., Мəулетов Б.М., Нұрмағанбетов Б., Поспелов П.М., Рудометкин С.П., Урстемов Ж.., Шашкина Ж..Н.

Осы басылымға Қарағандының құрметті азаматтары Назарбаев Н.Ə, Мамыраев М.М., Үрістемов Ж., Мұстафин Ғ., Шашкина Ж.Н., Əубəкіров Т.О., Бектұров Ж.К., Сағынов Ə.С, Досмағамбетов С.Қ., Рахымбеков М.Р., Ақылбаев Ж.С., Шаймұқанов Д.А., Аханов Т.А., Имашев М.И., Аманбаев Қ.Ə., Презент Г.М., Мұхамеджанов К.Е., Құлқыбаев Ғ.А. туралы материалдар енгізілген.

Көрсеткішке енгізілген барлық есімдер Құрметті азамат атағын беру жылдарына сəйкес тікелей хронология бойынша орналасқан.
Көрсеткіш соңында Қарағанды қаласының Құрметті азаматтарының тізімі көрсетілген. Сонымен қатар көрсеткіште қысқаша биографиялық анықтамалар мен əдебиеттер тізімі де бар.

Материалдарды жинақтауда өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды.

Көрсеткіш кітапханашыларға, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға жəне өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.