Өлкетану ақпараттық ресурстарының негізгі бөлігі библиографиялық басылымдардан тұрады.  Атаулы даталар күнтізбесі: библиографиялық тізімдерімен, библиографиялық жеке жаднамалар, ретроспективті ұсыныс көрсеткіштері, жаңа түсілімдер туралы жедел ақпараттар, жергілікті басылымдар репертуарлары т.б.

Өлкетану библиографиясы 70-80 жылдары жақсы қарқынмен бастау алды. Жаднамалар топтамалары – басылымдары шығарылды. "Шахтерлер – Социалистік Еңбек Ерлері", "Қарағанды құрылысшылары – ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары", "Металлургтер  - Социалистік Еңбек Ерлері", "Қарағанды: 1934 - 1984" ұсыныс көрсеткіштері, "Қарағанды облысы туралы не оқу керек?", "Қарағанды қаласының құрметті азаматтары", "Олардың есімдерімен Қарағандының көшелері аталады" т.б.

Ағымдағы талдамалы библиографиялық "Қарағанды облысы туралы жаңа әдебиеттер" тізімі оқырмандар сұранысына ие. Біраз үзілістен кейін әдебиет, тарих, экологияға байланысты көкейкесті өлкетану ақпараттарына бірқатар көрсеткіштер әзірленді: "Өлке топонимі", "Өлке экологиясы", "Қайтарылған есімдер","Қайғылы тағдырлар беттері", "Сарыарқа батырлары" т.б.

Өлкетану туралы ақпарат дереккөзі – бұл "Атаулы даталар күнтізбесі", кітапхана күнтізбені 1971 жылдан шығарып тұрады. Бұл жылдарда талғампаз оқырмандар үшін күнтізбе өлкенің жүздеген атақты азаматтары туралы, облыстағы айтулы оқиғалар туралы деректер берді. Күнтізбені даярлау барысында үлкен зерттеу және іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын ақпараттар көлемі артып, персоналдар тізімі өсуде.