Қарағанды тарихындағы есімдер = Имена в истории города : Библиографиялық көрсеткіш / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева, Г.П.Долженко.- Қарағанды: б.ж., 2009. - 122 б.

Мемориалдық тақталар – республиканың, Қарағанды облысының қалалары мен селоларының тарихындағы маңызды оқиғаларды, айтулы даталарды; мемлекет, ғылым, мəдениет пен экономика қайраткерлерін есте қалдыруға арналған металдан, мəрмерден, граниттен жасалып, бетіне жазу жазылған немесе белгі салынған плиталар.

Халық депутаттары Кеңесінің шешімімен орнатылған. Қазіргі таңда Қарағанды қаласы əкімінің жанындағы ономастикалық комиссиясының шешімі бойынша даңқты адамдардың өміріне, қызметіне байланысы бар үйлердің қабырғасына орнатылады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакогоспитальдар орналасқан үйлерде (Ерубаев к.,16; Сəкен даңғ., 13; Бұқар жырау даңғылы, 20; Мəметова көшесі, 111), ғарышкерлер А.Г.Николаевтің, В.В.Терешкованың, П.Р.Поповичтің қалалық аэропорт үйінде, басқа да ғарышкерлердің "Чайка" қонақ үйінің қабырғаларына мемориалдық тақталар орнатылған.

 "Қала тарихындағы есімдер" атты көрсеткіш - Қарағанды қаласындағы даңқты адамдарды мəңгі есте сақтау мақсатында қойылған мемориалдық тақталар туралы мəліметтер жинау мен əдебиеттерді жүйелеу өлкетену бөлімінің алғашқы қадамы. Бұл құрал мынандай бөлімдерден тұрады: "Олар Отан үшін шайқасты", "Интернационалист-жауынгерлер", "Олардың есімі бассейн тарихына енді", "Қарағанды ғалымдары", "Денсаулық сақшысы", "Білім беру қайраткерлері", "Қарағанды заңгерлері", "Əдеби Қарағанды", "Олар халыққа қызмет етті".

Көрсеткішке биографиялық анықтамалар мен əдебиеттер тізімі енгізілді.

Көрсеткіш соңында мемориалдық тақталар орнатылған адамдардың алфавиттік тізімі көрсетілген.

Материалдарды жинақтауда өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық "Өлкетану" каталогы пайдаланылды.

Көрсеткіш кітапханашыларға, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға жəне өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.

Бұл басылым өлкетану бөлімінің əйгілі адамдарға қойылған мемориалдық тақталар туралы əдебиеттерді жүйелеудің бірінші қадамы болғандықтан, мұнда кейбір материалдар, деректер болмауы мүмкін. Сондықтан оқырмандардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын құрастырушылар мұқият тыңдап алғыспен қабылдайды.