Қасым Аманжолов: 1911-1955 = Касым Аманжолов: 1911-1955 : библиографиялық көрсеткіш / Қарағанды обл. әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст.: С.О.Телпекбаева, Г.П.Долженко.- Қарағанды: б.ж., 2011. - 58 б. + CD

Уақыт сынында сынбаған, қайта жыл өткен сайын өмірлі өлеңдері жаңа бір қырынан көрінген үлкен жүректі ақындарымыздың бірі Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына биыл 100 жыл.

Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың өмірі мен туындылары жəне шығармашылығы жайлы мəліметтерді жинау жəне жүйелеу жұмыстары өлкетану бөлімінің алғашқы қадамы ақынның туғанына 80 жылдығына арналған "Қ.Аманжоловтың шығармашылығы" атты жаднама 1991 жылы құрастырылған. "Өлеңнің қаптатармын отты селін" библиографиялық көрсеткіш ақынның 85 жылдығына 1996 жылы құрастырылса, 1997 жылы "Əдеби Қарағанды" библиографиялық көрсеткіште əдебиеттер тізімі ұсынылды.

Бұл көрсеткіш Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған, көрсеткіште келтірілген библиография ақынның өмірін жаңаша көзқараспен жазған материалдармен толықтырылды. Бұл баспада ақынның мерзімдік баспаға шыққан жəне жеке шыққан көркем шығармалары қарастырылды.

Мұндағы мəліметтерді жинақтауда кітапхананың кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне "Өлкетану" электрондық каталогы, газет жариялымдарының мұрағаттық тақырыптық папкалары пайдаланылды.

Оқырманға ұсынылып отырған библиографиялық көрсеткіш материалдарына тұтастай рет саны қойылып, əрбір бөлімнің материалдары өз ішінде хронологиялық тəртіппен берілген.

Мұндағы əдебиеттер тізімі мынадай тұрғыда жіктеледі: бірінші бөлімге ақынның жеке кітаптары (кітаптарының мазмұны ашылады), одан кейін газет-журналдарда жарияланған шығармалары алфавиттік тəртібі негізінде орналастырылды.

Екінші бөлімге Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайындағы материалдар енгізілді. Мұнда ақын шығармасын зерттеуге арналған еңбектер жəне қазақ əдебиетін зерттеуге арналған еңбектер мен ғылыми-зерттеу мақалалар жəне ақынның өмірі мен шығармашылығы жайындағы жалпы əдебиеттер, естеліктер мен көркем туындылардың əдебиеттер тізімі берілген.

Үшінші бөлімге ақынның ғасырлық тойы қарсаңында шыққан материалдар берілген. Мұнда атақты тұлға туралы замандастарының, туған-туыстарының жəне көрнекті қоғам қайраткерлері мен көркемөнер зиялыларының естеліктері, мақалалары, зерттеулері, арнауларының əдебиеттер тізімдері орналастырылған.

Көрсеткіш авторлар фамилиясынан, құрастырушылардан, түзетуші мен аудармашылардан тұратын көмекші шығармалар мен есімдермен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа библиографиялық көрсеткіш толықмəтінді деректер топтамасымен, фото шежірелер, шағын виртуалды кітап көрмесімен безендірілген компакт-дискімен жабдықталған.

Баспаны шығару ғылыми қызметкерлерге, жоғарғы оқу орнының ұстаздарына, мұғалімдерге, студенттерге, кітапхана қызметкерлеріне жəне де Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығымен танысқысы келетін жандарға арналған.

Көрсеткіште кей мəліметтер ұмытылып кетуі мүмкін. Оқырмандар тарапынан барлық ескертулер мен ұсыныстар құрастырушылардың назары мен алғысымен қабылданады.