Кітапхананың өлкетанулық қызметін бір қалыпқа келтіру бұл - өлкеміздің бірегей тарихын сақтау ортылығы. 2015 жылы "Өлкетану" клубы отырысының негізгі тақырыбы жерлес ғалымдар, жазушылар мен ақындардың мерейлі даталарына арналды, өлкетану сабақтары Ұлы Отан соғысындағы қарағандылық Қаһармандарға, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналып өткізілді.

26 мамыр күні "Өлкетану"клубының Н.Нұрмақовтың және Б.Айбасовтың 120 жылдығына, И.Әлімбековтың 130 жылдығына арналған "Ұрпаққа аманат, болашаққа сабақ" атты шарасы өтті.

Аталмыш отырыс саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күні қарсаңында өткізілді. Оған Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы бойынша әдеби басылымдардың авторы Р.С. Кәренов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент К.С. Өскенбаев, Н.Нұрмақов атындағы мектеп мұғалімі Р.К. Каппасова, Н.Нұрмақовтың туысы Т.Т. Смағулова, тарихи-өлкетану мұражайының маманы А.Жағыпар және жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттері қатысты.

23 қазан күні теміртаулық ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Қ.Ботановпен әдеби кездесу кеші өтті.

Кешке Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды филиалының директоры С.Ақсұңқарұлы, ақынның достары металлург-ардагер Т.Смағулов, Б.Ордабаев және "Қасым" журналының бас редакторы С.Сағынтай, "Құрыш қала KZ" газетінің бас редакторы, ақын Р.Алдашева қатысты.

26 қараша күні кітапханаға оқырмандар, жергілікті ақындар, тілшілер, педагогтар, қаламыздың колледж студенттері мен №52 орта мектебінің оқушылары қатысып, Қарағанды қаласының әдеби мәртебесінің негізін қалаған тұлғалар туралы әңгіме жүргізді.

Н.А. Пичугиннің 125 жылдығына, М.Е. Зуев-Ордынецтің 115 жылдығына, Д.В. Оськиннің 85 жылдығына арналған "Писатели нашего края" атты әдеби кеш өтті. Бұл жазушылар оқырмандар қызығушылығын тудырған сол уақыттың нақты дәуірлерін көрсететін, қала тарихы туралы аса құнды әдеби мұраларды қалдырған. Қарағанды облысында әдебиеттің тууы туралы, шығармашылық туралы, жазушылардың достық қарым-қатынасы жайлы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ орыс филологиясы кафедрасының доценті Л.М. Харитонова әңгімелеп берді. Ол өз әңгімесінде әдебиет саласындағы қыл қалам шебері, адам жанының нәзік пернелерін тап басатын талантты тұлғалардың есімін есте сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімесін жастар қауымына арнады. Кешке Қазақстан тілшілер Одағының мүшесі Ю.И. Показанов, "Магнит"әдеби бірлестігінің мүшелері Т.Дубовская, Т.Ф. Ромашихина, И.А. Елефтериади, қарағандылық ақын В.И. Вишняков, Т.Б. Еремина қатысты.