Курс 3 жылдық оқу мерзіміне жоспарланған. Сабақ тақырыптары әр жыл сайын қайталанып отырады, бірақ материалдар мазмұны тереңдетіліп, жұмыс түрлері де күрделеніледі. Жергілікті ресурстар кеңінен пайдаланылады: өлкетану – тарихи музейі, басқа да мәдени мекемелер, қала кәсіпорындары, тарихи және көрнекті жерлер мен ескерткіш орындары. Бағдарламаның тәжірибелік бағыттары оқушыларға материалды қызмет барысында меңгеруге мүмкіндік береді және жас ерекшеліктеріне лайықталған.

Бағдарламаның ерекшелігі
  • Бағдарлама 3 жылға есептелген
  • Қатысушылар жасы: 13 жас
  • Қатысушылар саны: 50
  • Сабақтың 1айдағы саны: 1 сабақ
  • Сабақтың сағат саны: 1 сағат
Негізгі мақсаттары:
  • тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру;
  • білім алушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
  • қарым-қатынас жасау, іс-шараға дайындық жасау, көрмені безендіру қабілеті мен дағдысын қалыптастыру;
  • адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.                                                                              
Бағдарламаның міндеттері:
  • - Өлкетану материалдары арқылы қоршаған орта жағдайымен байланыс орнату, Отанға, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
  • - Мектеп оқушыларын нақты өлкетану материалдары арқылы дамыту:
  • - тарихи білімге қызығушылығын ояту;
  • - өзге ұлт халықтарымен қарым-қатынас жасауда төзімділікпен қарау, құрметтеу сезімін дамыту;
  • - Мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, балалардың ескерткіш орындарын, әскери тарихи ескерткіштерді қорғауға деген жігерлерін қалыптастыру;
  • - Батыр ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында естеліктер мен ақпараттар жинақтау, туған өлкенің, Қарғанды қаласының тарихын жазу;
  • - Өлкетану әдебиеттерін оқуға деген қызығушылығын ояту үшін байқаулар, викториналар, өлкетану олимпиадалар, жорықтар, экскурсиялар өткізуді ұйымдастыру.                                               
Жұмысты ұйымдастыру түрлері:
  • -дәрiс, әңгiме;
  • -экскурсия, саяхат
  • -кеңес;
  • -әдеби және тарихи қонақжайлар;
  • -қызықты тұлғалармен кездесу;
  • -тарихи ойындар, викториналар;
  • - туған жер тарихына байланысты конференциялар, байқаулар;
  • - мұражайларға бару;
  • -көрмелердi ресiмдеу;
  • - жобалық және зерттеушiлік жұмыстар жүргізу:
  • - таңдалған тақырыптың нақты базасын құру;
  • - бейне-презентация жасау;
  • - тарихи оқиғаларға байланысты очерктер, шежірелер жинақтау;
  • - "Жас өлкетанушы" зерттеу жұмыстарының байқауы;
  • - интернет-технологияны пайдалану;
Жұмыс барысында ескерілетін негізгі талаптар:
  • -  Еріктілік. Ықылассыз жасалған жұмыс нәтиже бермейді. Оқушыларға тапсырманы еркін, шамасына қарай, жас ерекшелігін де есепке ала отырып таңдауға жәрдемдесу.
  • - Оқушылардың тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауы. Бастаған істі соңына дейін жеткізу. Оқушылармен жалпы іс үшін тапсырманы орындаудың маңыздылығы, міндеттілігі туралы жеке тәрбиелік әңгіме жүргізу.
  • - Өз жұмысының қорытындысы мен маңыздылығын көре білу. Басылымдарға шығу маңызды: үйірме сабағында сөз сөйлеуі, газетке мақала жариялау, экспозициядағы беттер, мұражай стендтері үшін табылған фотосуреттер, баяндамалар және т.б.
  • - Оқушылардың материалдарды іздестіру кезінде ешқандай бақылаусыз, бұйырусыз өз бетімен жұмыс істеуі. Керек кезінде кеңес беріп, қиналған сәтінде көмектесу.
"Жас өлкетанушы" үйірме жұмысының қорытындысын жүргізу формасы:
  • - көрмелер мен шығармашылық жұмыстарды көріп шығу;
  • - фотоальбом жасау;
  • - ашық сабақтар;
  • - ізденген тақырыптары бойынша баяндамаларымен, хабарламаларымен сөз сөйлеуі;
  • - викториналар, ойындар.