Танысуға асығыңыздар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры

Раушан Базарбаеваның "Жарық күнмен сырласу" = "Беседа с ясным днем" = "Conversation with a bright day" атты жаңа кiтабымен толықты!

Адамның жан дүниесі тәңірдің нұрымен нұрлануы тиіс, ал өнерді сол нұрдың шұғыласымен бейнелеген суретші бақытты

Бүгінде Қазақстан суретшілер одағына сексен жылдан астам уақыт өтіп кемеліне кеп отырған шығармашылық одақтың көркемдік дүниесінің қыры мен сыры да, мұрасы да мол. Ал өткенді де, жыл сайын туып жатқан суретшілердің шығармаларын да түбегейлі зерттеу, бағыт бағдарын тексеру сын мен өнертану ғылымының міндеті. Қазіргі қазақ өнерінде сыр, бояу, ұлт сипатын білдіретін көркем өнер жеткілікті.

Қолданбалы өнердің адам өміріндегі орынының ерекше екенін ескертсек, оның даму сырына үңілу, әр уақытта қызғылықты, әр уақытта актуальды.

Бұл альбом Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР-ның Білім беру ісінің құрметті қызметкері, өнертану мамангдығының профессоры, Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА "Сәндік-қолданбалы өнер" кафедрасының меңгерушісі Раушан Еркінқызы Базарбаеваның шығармашылығына арналған ғылыми еңбек.

Әр суретшінің заманға лайық өз үні, айтар ойы бар. Альбом – Монография қазақ өнерінде өзіндік көркемдік ерекшелігімен танылған. Сондықтан бұл альбом монография өзінің жанрлық формасы жағынан да ерекше жаңашылдығымен, қазіргі өнердегі уақыт рухымен қарым қатынасын, осы бағыттағы ізденістерін көпшілікке кеңірек таныстырады деп білеміз.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!