Кенен Әзірбаевтың Бестомдық «Шығармалары» атты жаңа кiтабымен толықты! 3 т. : Жан серігім, домбыра : әндер мен күйлер / құраст. Б. К. Әзірбаев. -  2017. - 279 б.

Ақ бас тарихтың әртүрлі кезеңінде ғұмыр кешкен ұлы ақындардың өмірі мен өнерінде бір ортақ қасиеттер болады. Ол – халықтың жүрек сөзін асыл өнер тілінде сөйлете алатын күрескерлік қасиеттер болса керек. Бұл ретте, Кенен Әзірбаевтың барша мағыналы өмірі мен арқалы өнері туған халқының тағдырымен біте қайнасып жатқанын алдымен еске алған жөн.

Кенен Әзірбаев – қазақ халқының дәстүрлі өнерпаздығын тал бойына дарытып, екі ғасыр жапсарына, өткен мен бүгіннің арасына көпір болған санаулы саңылақтардың бірі. Бұл ретте Кененнің ешкімге ұқсамайтын творчестволық тұлғасы, ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктің бірі – оның әншілік өнері.

Назарларыңызға ұсынып отырған бұл кітапта күміс көмей әнші, даңғыл жыршы, әйгілі сазгер, ақын Кенен Әзірбаевтың музыкалық шығармалары беріліп отыр. Әндер автордың  өз орындауында әр жылдары жазылып алынған үнтаспалардан және сазгердің өзінен тікелей үйреніп қалған перзенті ҚР-ның мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызының орындауында домбыра аспабына лайықталып нотаға түсірілген. Кітаптың құрылымына: әндердің шығу тарихы жөнінде қысқаша түсініктер, Кенен Әзірбаевтың айтыстары мен күйлері еніп отыр.

Кітапты құрастырушылар: Бақытжан Кененұлы Әзірбаев, Орынбай Кәріғұлұлы Дүйсен.

Жинақ кәсіби әнші, жыршыларға, жоғарғы және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілерге, жалпы өнер сүйер жұртшылыққа арналған.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!