Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры

"Әбілхан Қастеев" атты жаңа кiтаппен толықты!

Өнердің өнер иесіне берер ең керемет сыйы – суреткер өмірінің ұрпақтар жадында жалғасын табуы, ал егер ол аса дарынды, данышпан болса – мәңгілік естелікке айналуында. Қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби мамандарының тұңғышы, сол кәсіби өнердің негізін қалаушылардың алғашқысы, Қазақстан Республикасының халық суретшісі Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тума дарын Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығын атап өтті.

Қазақстан тарихында Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойына арнап шығарылған каталогқа оның өнер музейлерінде сақталған кескіндемелері, су бояумен жасаған көркем туындылары топтастырылған. Бұл каталогқа суретшінің барлық негізгі еңбектерінің тізімі жасалып, 900-ге тарта репродукциялары енгізілген.

Каталогты құрастыру барысында авторлар Ә. Қастеевтің бай көркем мұраларын ХХ - ғасырдағы республиканың өзіндік көркемөнер шежіресі ретінде көрсетуге тырысқан. Жаңа да қызу мыңжылдық кезінде суретшінің өз шығармасында адамдар мен оқиғаларды, дәстүр мен бүгінгі заманды туған жерге деген махаббатымен ұштастыра шынайы беруі аса қымбат боп есептеледі. Қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев туындыларының баурап әкететін күші де осында болса керек. Бұл каталог бояу тілін таба білген дархан шебердің шығармашылығына деген қызығушылығы бар оқырмандарымызға көмегі тиер деген үміттеміз.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!