Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры

К.Ш. Диярованың

«Шоқан Уәлиханов. Аққан жұлдыз»

«Блестящий метеор»

«The sparkling meteor»

атты үш тілді жаңа фотоальбом кiтаппен  толықты!

Бұл кiтап қазақ халқынан шыққан алғашқы және талантты географ, саяхатшы, зерттеуші, қазақ зиялы қауым өкiлдерiнiң бiрі Шоқан Уәлихановтың өмірі ме н еңбек жолы туралы.

Кітапта Шоқан Уәлихановтың өмір жолының басы, дәріс алған жылдары, тұлға ретінде қалыптасуы, өмірбаяны, Ресейде ғана емес шетелдердегі үлкен беделі туралы, ондағы зерттеу еңбектері жайлы жазылған.

 Сонымен қатар қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай 1985 жылы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды мұражайы жайында, ондағы құнды материалдар туралы жан-жақты қызықты жазылып фотосуреттері берілген. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті барлығы дерлік ғалымның атын асқақтатып тұрғандай.

Кітаптың мәтіндік материалын толықтыратын карталар, сызбалар, суреттер ерекше құнды болып табылады.

Фотоальбом кітап Алматы қаласының ТОО «Тау-Қайнар» баспасынан 2016 жылы жарық көрген.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!