Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің құнды мұрасына айналған, еліміздің мәдени өміріндеелеулі орны бар өнер қайраткері туралы оқырман қауымға жеткізудің сәті түсіп тұр. Қазақтың үлкен қазынасы  Сара Латиеваның "Ғибраты мол ғұмыр" атты сериясымен жарық көрген атақты актриса Хадиша Бөкееваның өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған туындысының айтары көп. Қазақ театрының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Хадиша Бөкеева, комедиялық Катерина, трагедиялық Мехменебану  мен Қарлыға, драмалықСәуле сияқты бір-біріне мүлде ұқсамайтын образдарды жеріне жеткізе сомдаған тұлға. 

Қазақ драма театрының тарихында өшпейтін бейнелер мен қайталанбас характерлердің тұтас галереясын жасаған актрисаның өмірі әрбір өнерсүйер қауымға мұра. Оқуға жеңіл, тілі тартымды шығармада актриса өміріндегі қадау-қадау айшықты оқиғалар хронологиялық ретпен емес, оқиғалық қисынымен баяндалады.Өнерде қалдырған мол мұрасы бар сахнаның көркіне айналған Х.Бөкееваның ізгілікті ойлары, сұхбаттары, сомдаған рөлдері, оқыған монологтары, сағынышты хаттары жайлы сыр шертіледі.

Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімі ерекше аталатын дара дарын иесі Хадиша Бөкееваның өмірімен таныс болыңыздар!

Латиева, С.  Хадиша Бөкеева [Мәтін]: деректі повесть-эссе / С. Латиева. - Астана : Елорда, 2002. - 224 б. - Ғибраты мол ғұмыр