Құрметті оқырман!

"Театр kz" журналы – республикалық Қазақстан театр қайраткерлері одағының театртанымдық әдеби-көркем және қоғамдық саяси журналы болып табылады. Өнер өлкесінің бүкіл болмысын ашуға тікелей септігін тигізіп жүрген редакция кеңесінің төрағасы Т.Жаманқұлов пен бас редактор Б.Бекжановосы журналдың негізгі міндеттерін атқарып келеді.

Бұл – еліміздегі мерзімді басылымдардың ішінде ерекше орны бар өнер әлеміндегі шоқтығы биікжурналдың бірі. Өнер қайраткерлерінің бүкіл өмір жолын, терең тарихын, қилы тағдырын суреттеуде "Мазмұнға шолу" "Арнайы сұхбат", "Драмафонд", "Жас сахна", "Жаңа қойылым","Дидарғайып"айдарларының өзіндік қызметі орасан. Ғибратты мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп отыратын журналдың әрбір бөлімітеатр актерлерінің толағай табыстарына, сахнадағы қайталанбас образдарына, өр тұлғалы өнер қайраткерлерінің салиқалы сұхбатына толы. Сонымен қатар,әр санында басылып тұратын жаңа қойылым, жаңа бастама, тың дүниелері ізденуші оқырмандар, өнер сүйер қауым үшін берер тағылымы мол.

Еліміздегі кез келгентеатрдың өнерге қосқан жаңалығын, өзіндік идеясын, терең тарихын осы басылым арқылы танимыз. Біздің өңірдегі өнер тұғырында өзіндік орны бар, мәдениетіміздің жаршысына айналған барлық театрларымыз өзінің жаңа дүниелерімен осы басылым арқылы бөлісіп отырады. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің оқырмандары 2010 жылдан бастап мұндай жылы лебіздімақалаларға, көңілге ой салатын жаңалықтарына куә болып келеді. Сондықтан да  бұқаралық ақпарат кеңістігіндегі ең құнды ақпараттарды таратушы саналған "Театрkz" журналы өз оқырмандарын әлі де өнер әлеміндегі жаңалықтарымен қуанта береріне сенеміз.

Өнерді тануға жетелейтін "Театр kz" журналының тұрақты оқырманына айналуға асығайық!