Алтайдан Қарпатқа дейінгі

ұлан-байтақ далада дәл Қарқаралы

топырағындай қасиетті жер жоқ

Қаныш Сәтбаев

Алаш азаматтарының рухани ордасына айналған Қарқаралы қаласына биыл 190 жыл. Қазақтың мәдениеті мен ұлттық өнерінің Меккесі атанып, алғаш темірқазығы болып есептелетін Қарқаралының тарихы мен табиғаты бүгінде тарихи еңбектердің жарық көруіне арқау болып отыр.

Осындай еңбектердің бірі "Фолиант" баспасынан "Менің Отаным – Қазақстан" сериясымен жарық көрген Сапарғали Ләмбекұлының "ҚАРҚАРАЛЫ" атты бірегей туындысы.

Белгілі қаламгердің еңбегінде Сарыарқаның алтын алқасы Қарқаралы өңірінің барша қазақ елінің мақтанышына айналған тұлғалары туралы жазылып, жазиралы табиғатының фотосуреттері бейнеленген.

"Фолиант" баспасына аманат етіп кеткен автордың аталмыш еңбегі көркемдігімен де, ғылыми-танымдық ұстанымымен де өте тартымды. Сондықтан да ғылыми ортаға да, қалың көпшілікке де қызықты болар деген сенімдеміз.

Арқа төрінің төлқұжаты болып табылатын Қарқаралы тарихының бай мұрасын бәріміз бірге оқылық!

Өлкетанулық жаңа кітаптар

"Қарқаралы" кітабының тұсаукесері

Келіңіздер! Оқыңыздар!