Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға Қазақстан өнер майталмандары және мерейтой иелері туралы шағын шолу ақпаратымызды ұсынамыз. Шолудан 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері жайлы көп қызықты мағлұмат біле аласыздар.

Толығырақ...

Талантты тұлға, театр өнерінің тарланбозы, ардақты актер, жерлесіміз Мүлік Сүртібаевтың туғанына – 100 жыл.

Мерейтой иесінің өмірі мәнді де мағыналы, қай қырынан алсақ та көпке үлгілі тұлға. Осынау өнер иесіне дарын жағынан да, актерлік ғұмырына да тең келер ешкім жоқ.Актер есімі өнер сүйер қауымға етене таныс.

Толығырақ...

Құрметті оқырман, ғажайып өнер иесінің сырлы тағдырынан сыр шертетін көрмені көруге асығыңыздар!

Биыл қазақ халқыныңтұңғыш кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиевтың туғанына 90 жыл толып отыр.Заманынан ерте туған, өз қатарынан озық болған дарынды өнер иесі артына өлмес мұра қалдырды. Оның өнері қазақ халқының асыл қазынасы, мақтанышы.

Толығырақ...

 Қадірлі оқырман! Илья Жақановтың  ән әлеміне қанат қақтырар, шығарма қиялдың биік шыңына шығаратын, сырлы көрмені тамашалауға шақырамыз! 

Өнер өлкесінде өз үнімен ерекшеленетін Илья Жақановтың шығармашылық көкжиегіне көтерілгеніне биыл 80 жыл. Әсерлі әуен шалқар шабытпен астаса отырып, жүректі баурап қана қоймай, көңілдің нәзік қалтарысына бойлай түсетін әндері әрбір қазақтың жүрегінде.

Толығырақ...

Құрметті оқырман, ғажайып әннен, сырлы тағдырдан сыр шертетін көрмені көруге асығыңыздар!

Биыл қазақ халқының аяулы перзенті, атақты жерлесіміз Мәди Бәпиұлының туғанына 135 жыл. Заманынан ерте туған, өз қатарынан озық болған ақын артына өлмес мұра қалдырды. Оның әндері қазақ халқының асыл қазынасы, мақтанышы.

Толығырақ...

Ішкі категориялар