"Оқиға мен уақыт кеңістігіндегі өнер" - күнтізбеден маңызды күндерді парақтаймыз.

27 мамыр - режиссер, театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразбеков Әлімбек 60 жаста (1958 ж.)        

Оразбеков Әлімбек Тоқтарұлы 1958 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туған.

Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін 1972 жылы және Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының режиссерлік факультетін 1992 жылы бітірген.

Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері. "Бір түп алма ағашы" пьесасының, А.Құнанбаев "Қорғансыздық" әңгімесінің, Ш. Айтматов "Плаха" романының инсцеровкаларының, С.Лобозеров "Жындыханадан келген мейман", "Сенім" пьесалары аудармасының, театр жайлы мақалалар циклының авторы. 1975 жылдан – Талдықорған облыстық қазақ драма театрының актері, 1992 жылдан – режиссері. 1994 жылдан – С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, 2002 жылдан – көркемдік жетекшісі. 2009 жылдан бері – Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық – драма театрының қоюшы режиссері. 1976 жылдан Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Қарағанды облысы әкімінің "Жыл режиссері" номинациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бұл азаматтың өнерге қадамы тым ерте басталды. Әлімбек Тоқтарұлы театр әлемін бір кісідей түсініп, көрерменін таба білді. 40 жыл жинақтаған тәжірибе мен халықаралық сайыстардағы гран прилер оны өзгерте алмады. Қарапайым қалпымен әр қойылымына қырағы!

Ол қызмет атқарған жылдарда 18 спектакль қойды. Театр ұжымы 9 мәрте фестивальға барып, 9 мәрте жүлделі оралған.

Қазақтың елдік-шежірелік жадын қозғайтын, текті қасиетті, аруақты ұмыттырмайтын, ел ардақ тұтқан ана образын ашқан "Домалақ ана" пьесасын сахналады.

2009 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Еркін Жуасбек Ә. Оразбековты Астанаға жұмысқа шақырды. Артист. Режиссер. Драма жазуды жүрек қалайды. Айта берсе, арман көп. Астанада қазақ өнерінің жаңа тынысы ашылды.

Әлімбек Оразбековтың шығармашылық жұмысында өрлеу бар. Өнер жолының Астанамен бірге жаңаша жарқырай түсерін де іші сезеді. Суық дейтін Астана қазір қазақ өнерінің отымен де жылына бастады. Оның ішінде Әлімбектей тұлғаның жаққан отының шоғы маздап тұр!

Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімі ерекше аталатын талантты тұлға Ә. Тоқтарұлына алдағы уақытта: зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілей отырып, шабытыңыз шарықтай берсін! - деген ізгі ниетімізді білдіреміз.

Әдебиеттер тізімі:

Алпысұлы, С.  Ойыны ойлы өнерпаз [Мәтін] / С.Алпысұлы // Орталық Қазақстан. - 2002. - 12 маусым.

Әйнекбайұлы, С. Тың серпіліс әкелген саңлақ [Мәтін] : С.Сейфуллин атын. обл. драма театрының 75 жылдығы қарсаңында / Әйнекбайұлы С. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 20 ақпан. - 12  б.

Алпысұлы, С. Сахна суреткері [Мәтін] : режиссер Әлімбек Оразбеков 50 жаста / С.Алпысұлы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 26 маусым. - 5  б. 

Әйнекбайұлы, С.  Алматыдан абыроймен оралды [Мәтін] : өнер күнделігі / Әйнекбайұлы, С. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 15 қаңтар. - 16  б.

Жұмағали, С.  Балаларға - базарлық [Мәтін] : жаңа қойылым / С.Жұмағали // Орталық Қазақстан. - 2002. - 5 қазан. - 16  б.

Қауысов, Б.  Жасасын қазақ киносы!. [Мәтін] : премьера / Б.Қауысов // Орталық Қазақстан. - 2000. - 25 қараша.

Мақаш, Д.  Театрды төрге шығарған [Мәтін] / Д.Мақаш // Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 ақпан.

Оразбеков, Ә. Т. Баспап өнер иесі Әуезовтың "Абайын" қоюды армандайды [Мәтін] : Ә.Т.Оразбеков / Оразбеков, Ә.Т. // Сарыарқа. - Ботақара. - 2001. - 22 қыркүйек.

Оразбеков, Ә. Т. Жанашырлықтың өзі жауапкершілік жүктейді [Мәтін] : с.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының бас режиссері Ә.Т.Оразбековпен сұхбат / Сұхбаттасқан Б.Мамыр // Сана. - 2000. - 27 сәуір(N16). - 5  б.

Тілеубай, Т.  Теменов туындысының тұсаукесері Қарағандыда өтті [Мәтін] : премьера / Тілеубай Т. // Сана. - 2000 . - 23 қараша(N44). - 1  б.