Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға Қазақстан өнер майталмандары және мерейтой иелері туралы шағын шолу ақпаратын ұсынады. Шолудан 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері жайлы көп қызықты мағлұмат оқып біле аласыздар.

Көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына 75 жыл

А.С. Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында (қазіргі Байдалы би ауылы) 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Слан екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.

1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң комсомолдық жолдамамен "Қызылтау" және "Ақтау" кеңшарының мал шаруашылығында  үш жыл еңбек етеді. Ақселеу Сейдімбектің өскен ортасы, әсіресе аудан орталығынан шалғайдағы мал шаруашылығында еңбек еткен жылдары оның сана-сезімін қалыптастырған, ел өмірінің дәстүрлі болмысына көз қанықтырған, тіптен болашақ шығармашылық ізденістеріне түбегейлі ықпал еткен тағдыр - талайлы жылдар болған.

Ақселеу Сейдімбектің өнер және өмір туралы, өнердің төлтумалығы жайында, әсіресе халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени – рухани үрдіске қатысты жазылған "Сонар" атты ғылыми-көпшілік кітабы 1989 жылы жарық көреді. Бұл еңбегі үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болады.

Қазақ өнеріне қатысты Ақселеу Сейдімбектің ғылыми ізденісі бұнымен тынған жоқ. 150-ге тарта күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы жайлы тың деректер жинап, күй өнерінің тарихи - деректік, жанрлық – құрылымдық, философиялық – эстетикалық ғылыми биік өреде ашып көрсеткен "Қазақтың күй өнері" атты көлемді еңбегін 2002 жылы жарыққа шығарады. Оның бұл кітабы қазақтың төлтума мәдениетін танып-түсіну жолында терең біліктілікпен жазылған, энциклопедиялық мол дерек беретін, ғылыми жаңалығы толымды еңбек ретінде назар аудартады. Бұл еңбегі үшін Ақселеу Сейдімбек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталады.  

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Сейдімбек, А. Аққыз [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / А. Сейдімбек. - Алматы : Атамұра, 2002. - 288 б.

Сейдімбек, А. Қазақ әлемі. Этно-мәдени пайымдау [Мәтін] : оқу құралы / А. Сейдімбек. - Алматы : Санат, 1997. - 464 б.

Сейдімбек, А. Қазақтың күй өнері [Мәтін] / А. Сейдімбек. - Астана : Күлтегін, 2002. - 35 б.

Сейдімбек, А. Ойтолғақ [Мәтін] : жарияланбайтын жазбалар / А. Сейдімбек. - Алматы : Жалын, 1997. - 272 б.

Сейдімбек, А. Қазақтың ауызша тарихы шежірелік деректерді пайымдау [Мәтін] : зерттеу / А. Сейдімбек. - Астана : Фолиант, 2008. - 726 б.

Сейдімбек, А. Қазақтың күй аңызы [Мәтін] : құрылымы және жанрлық ерекшеліктері / А. Сейдімбек ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым академиясы, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы : [б. ж.], 1997. - 37 б.

Сейдімбек А.  Шығармалары [Текст] : алты томдық / А. Сейдімбек. - Астана : Фолиант, 2010 - .          

1 т. : Повестер, әңгімелер, ертегілер, сценарийлер, очерктер, ән-күйлер / алғы сөздін авт.  Қ. Салғараұлы. -  2010. - 780 б.

2 т. : Қазақ әлемі : этномәдени пайымдау. -  2010. - 810 б.       

3 т. : Қазақтың күй өнері. -  2010. - 827 б.

4 т. : Қазақтың ауызша тарихы : шежірелік деректерді пайымдау. -  2010. - 726 б.

5 т. : Мақалалар, пікірлер, сұхбаттар. -  2010. - 873 б.

6 т. : Аудармалар. -  2010. - 576 б.

Сейдімбек, А. Ұлттық идея [Мәтін] : тарихи тағдыры мен болашағы / А. Сейдімбек, Х. Әбжанов, Қ. Салғараұлы. - Астана : Фолиант, 2012. - 245 б.

Сейдімбек, А. Шығармалары [Мәтін] : [хикаят, әңгіме] / А. Сейдімбек. - Алматы : Қаламгер, 2017. - 1115 б.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі, профессор Мағауия Хамзиннің туғанына 90 жыл.

Мағауия Хамзин қазақтың әйгілі күйші–домбырашысы, Арқаның күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі, профессор. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қоңырат елді мекенінде 1927 жылыдүниеге келген. 2000 жылы Алматы қаласынан топырақ бұйырды.

Мағауияның ең алғаш домбыра ұстап, жұрт алдына шығуы 1937 жыл. Ол тұңғыш рет Балқаш мыс қорыту заводы мәдениет сарайында Тәттімбеттің "Қосбасарын" тартып, жұртшылықтың қошеметіне бөленеді.

Мағауия 1949 жылы П.Ц. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін бітіріп, одан кейін Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түседі. 1950 жылы А. Жұбановтың ұсынысымен Мемлекеттік Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестріне шақырылады. 1960 жылдан 1975 жылға дейін М.Хамзин Қазақтың Мемлекеттік "Қазақконцерт" гастрольдік–концерттік бірлестігінде жеке домбырашы болып қызмет жасады. Сонымен бірге Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында күй өнері класынан сабақ берді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Балқаш қаласында тұрып, жас өнерпаздарға күй үйретумен айналысты.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Әбуғазы, М. Қазақтың домбыра өнері [Мәтін] : [анықтамалық басылым] / М. Әбуғазы. - Алматы : Нұрсәт, 2016. - 479 б.

Бекенов, У.  Күй керуені [Мәтін] : оқу құралы/У. Бекенов. - Алматы : Өнер, 2002. - 144 б.

Ибрагимов Т. Шығармалары [Текст] / Т. Ибрагимов ; ред. Ж. Әскербекқызы ; жауапты ред. Қ. Құрмансейіт ; алғыс сөз. авт. А. Мүхаметқалиқызы ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2011. -  1 т. : Толқын толғау : зерттеулер. -  2011. - 395 б.

Күй қайнары [Мәтін] = Голоса народных муз / құраст.: А. Райымбергенов, С. Аманова. - Алматы : Өнер, 1990. - 288 б. - 5 с.

Сарыарқа саңлақтары [Мәтін]. - Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2007. - 316 б.

           Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімдері ерекше мақтанышпен аталатын дарынды талант иелерінің өмірімен таныс болыңыздар! Келіңіздер! Оқыңыздар!