Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға Қазақстан өнер майталмандары және мерейтой иелері туралы шағын шолу ақпаратын ұсынады. Шолудан 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері жайлы көп қызықты мағлұмат біле аласыздар.

Аса көрнекті қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, КСРО халық артисі Күләш Байсейітованың туғанына 105 жыл (1912-1957 жж.)

Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы (02.1912 - 06.06.1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-калоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1936), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949). Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының группасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің "Майдан" пьесасында Пүліштің, Н.В.Гогольдің "Үйлену тойындағы" Агафия Тохонованың, М.Тригердің "Сүңгуір қайығындағы" Клаудияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің "Зәуресіндегі" Зәуре, М.Әуезовтың "Еңлік- Кебегіндегі" Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралаған жан екенін әйгілей түседі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында К.Байсейітова концерттік бригада құрамында майдан шебіне шығып тұрды. 1-3 сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденімен марапатталды.

Байсейітова есімімен Алматыда музыкалық мектеп, көше және Қарағандыда көше аталған.

Астана қаласын еліміздің саяси және мәдени орталығы ретінде одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылғы қаңтарда "Ақорда" опера және балет театры құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 жылғы шілдеде Астана қаласы опера және балет театры Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры болып өзгертілді.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Ахметова, М. Ән өнері және уақыт [Мәтін] / М. Ахметова. - Алматы : Өнер, 1993. - 112 б. Байділдаев, Ө. Қанатты өнер [Мәтін] : очерктер жинағы / Ө. Байділдаев. - Алматы : Жазушы, 1973. - 126 б.

Брусиловский, Е. Дүйім дүлдүлдер [Мәтін] / Е. Брусиловский ; ауд. С. Байжанов. - Алматы : Ана тілі, 1995. - 224 б.

Брусиловский, Е.Қыз Жібек [Мәтін] : төрт перделі, екі суретті опера / Е. Брусиловский ; либр. Ғ. Мүсірепов. - Алматы : Өнер, 1981. - 167 б.

Бейсембек, Т. Сиқырлы музыка [Мәтін] : [жыр жинағы] / Т. Бейсембек. - Астана : Фолиант, 2016. - 204 б. : сурет. - Түсініктеме :  203-204 б.

Байсейітов, Қ. Құштар көңіл [Мәтін] / Байсейітов, Қ. - Алматы : Жазушы, 1977. - 222 б.

Дала бекзатының үйінде [Мәтін] : (XІX ғасырдағы орыс жазушылары қазақтар туралы) / құраст. Ә. Жұмабаев. - Астана : Аударма, 2003. - 520 б.

Жұбанов, А. Қ. Өскен өнер [Мәтін] : (мақалалар мен зерттеулер) / А. Қ. Жұбанов. - Алматы : Ғылым, 1985. - 248 б.

Жүз жиырма тұңғыш [Текст] : [жинақ] / Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі; құраст. Б. Нұржеке-ұлы. - Алматы : Жалын баспасы. - 2 т. : [проза]. - 380 б.

Кенжетаев, К.Асылдар мен Ардақтылар [Мәтін] / К. Кенжетаев. - Алматы : Өнер, 2002. - 296 б.

Күләш Байсейітова туралы естеліктер  [Мәтін] / құраст. Б.Нұржекеұлы. - Алматы : Білім, 2004. - 256 б.

Күләш Байсейітова  [Электрондық ресурс] : 100 жыл / Қарағанды облысының мәдениет басқармасы және халық шығармашылығының ғылыми әдістемелік орталығы. - Қарағанды : б. ж., [2012-?]. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

Күләш Байсейітова [Мәтін] : жинақ / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті ; құраст. А. Омарова. - Алматы : Қайнар, 2012. - 199 б.

Ешимов, М. П. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті [Мәтін] : шетелдік және өзге тілді азаматтарға арналған оқу құралы / М. П. Ешимов ; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 104 б.

Қазақстан өнері [Мәтін] : жылнама / құраст. Ө. Оралбеков. - Алматы : Өнер, 1987. - 80 б.

Қазақстан өнері [Мәтін] : жылнама / құраст. Қасымбеков Қ. - Алматы : Өнер, 1984. - 96 б.

Қазіргі Қазақстан өнерінің даму үрдістері [Мәтін] : ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы : ҚазМӨҒЗИ, 2002. - 348 б.

Құмарова, Ш.Сезім патшалығы [Текст] : роман / Ш. Құмарова. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 288 б.

Қожырұлы, Б. Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары [Мәтін] : антология. [2 т.] / Б. Қожырұлы. - Алматы : Елтаным, 2015. - 645 б.

Қожырұлы, Б.  Рухани байлық [Мәтін] : [жинақ] / Б. Қожырұлы. - Алматы : Елтаным, 2012. - 399 б.

Қожырұлы, Б.  Рухани байлық [Мәтін] : [жинақ] / Б. Қожырұлы. - Алматы : Елтаным, 2012. - 399 б.

Латиева, С. Бұлбұл [Мәтін] : өмірбаяндық повесть - эссе / С. Латиева ; ред. К. Уәлиев. - Алматы : Өнер, 1984. - 160 б.

Латиева, С. Бұлбұл [Мәтін] : өмірбаяндық повесть-эссе / С. Латиева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 189 б.

Майшекин, М.Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин. - Алматы : Қаз. мемлекет баспасы, 1959. - 139 б.

Мұхамеджанов Қ.Таңдамалы шығармалар [Текст] : 2 томдық / Қ. Мұхамеджанов. - Алматы : Жазушы, 1978. - 2 т. : пьесалар, өнер жайлы ойлар. -  1978. - 384 б.

Мұхамедханов Қ.Көп томдық шығармалар жинағы [Текст] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел-шежіре, 2005 - 2011. - (Алаш мұрасы) (мұқ.). - 9 т. : Мақалалар. Зерттеулер. Абай шығармаларына түсініктемелер. -  2011. - 318 б.

Нұржеке-ұлы Б.Шығармалары [Текст] / Б. Нұржеке-ұлы ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. - Алматы : Жалын баспасы, 2007 -  9 т. : Келбет. -  2012. - 397 б.

Нұржекеұлы, Б. Өнер құдіреті [Мәтін] : тарихи-танымдық мақалалар / Б. Нұржекеұлы. - Алматы : Білім, 2003. - 100 б.

Мұқан А. Бірінші! Қазақтан шыққан тұңғыш КСРО халық артисі Күләш Байсейітова [Мәтін] / А. Мұқан // Театр. kz. - Алматы, 2016. - № 1. - 30-34 б.

Мұқан А. Мәскеуді дүр сілкіндірген он күн [Мәтін] : осыдан 80 жыл бұрын Кремльде қазақ әдебиеті мен өнерінің өкілдері ел рухын паш етті / А. Мұқан // Егемен Қазақстан. - Астана, 2016. - 17 мамыр (№ 92). - 7 б.

Мұқан А. Бірінші! Қазақтан шыққан тұңғыш КСРО Халық артисі Күләш Байсейітова [Мәтін] / А. Мұқан // Ақиқат. - Алматы, 2016. - № 6. - 20-25 б.

Сейдімбек А.Шығармалары [Текст] : алты томдық / А. Сейдімбек. - Астана : Фолиант, 2010. - 5 т. : Мақалалар, пікірлер, сұхбаттар. -  2010. - 873 б.

Түрен салған тұңғыштар [Мәтін] / дайындаған: А. Нұрмұхан, А. Исләмбек, Ж. Аққайыр // Айқын. - Алматы, 2017. - 8 наурыз (№ 35). - 6 б.

 Актер, Қазақстанның және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов 80 жаста (1937 ж.)

Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы туылған. Қазақстанның көрнекті кино және театр қайраткері. Белгілі сахна шебері, танымал актер және режиссер.

1961 жылы Алматы консерваториясының актерлік факультетін Асқар Тоқпанов класынан бітірген. Алғашқы рөлдері 1957 жылы студенттік шағынан бастау алған. Алғашқы еңбек жолын 1962 жылы "Қазақфильм" киностудиясынан бастаған. Кино өнерінде Шәкен Айманов мектебінен тәлім алған. Режиссер Ш.Аймановпен актер А.Әшімұлының дуэті "Атаманның ақыры", "Жол торабы", "Бір ауданда" т.б. кинофильмдері жемісті еңбектері болып табылады.

1971-9172 жылдары А.Әшімұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттіік сыйлықтарының екі дүркін иегері атанды.

1974 жылы Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" спектакліндегі Еламан рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

1976 жылы А.Әшімұлы театр мен кино саласына қосқан еселі еңбегі үшін Қазақстанның Халық артисі, 1980 жылы КСРО Халық артисі құрметті атақтарына ие болды.

М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрының актері, қазіргі "Елім-ай" кинокомпаниясының президенті, Қазақстанның халық артисі А.Әшімұлы Елбасы жарлығымен "Отан" орденімен марапатталды. Талантты тұлға үлкен сахна мен кино алаңында сан қырлы, кейіпкерлер галереясын жасау арқылы сахна саңлағы ретінде өнер тарихында ізі өшпес, жарқын жаңа беттер ашқан талантты актеріміз қазақ халқының мақтанышына айналып отыр. А.Әшімұлы кино мен театр режиссері ретінде де танымал тұлға.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Әшімұлы, А. Жан бөлек [Мәтін] / А. Әшімұлы. - Алматы : Санат, 2001. - 48 б. Әшімұлы, А. Майраның әні [Мәтін] : жар рухымен сырласу / А. Әшімұлы. - Алматы : Атамұра, 1995. - 240 б. Қазақстан өнері [Мәтін] : жылнама - 1980 / құраст. Ж. Дәуренбеков. - Алматы : Өнер, 1982. - 104 б.

Сығаев, Ә. Сахнаға сапар [Текст] : драматургия мен театр мәселелері хақында / Ә. Сығаев. - Алматы : Өнер, 1990.-310б.

Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Ә. Сығай. - Алматы : Жалын, 1998. - 510 б.

Асанәлі Әшімов [Мәтін] : 70 жыл = АсаналиАшимов : 70 лет / автор идеи И. Б. Искаков ; текст Б. А. Баймулдина ; мастеринг К. Газиев ; фото, дизайн обложки А. Власюк. - [Алматы] : [б. и.]  , [2011?]. - 12 эл. опт. диск (DVD-ROM). - (в пер.)

Асанәлі Әшімов [Мәтін] : фотоальбом / алғыс сөз С. Қирабаев. - Алматы : Өнер, 2012. - 318 б.

Асанәлі Әшімов 70 жаста [Мәтін] : буклет / суретші. Ғ. Мұқтарова . - Алматы : Атамұра, 2006. - 39 б.

Кірқабақов , А.Ұзақ жасаудың сыры [Мәтін] : [сұхбат] / А. Кірқабақов . - Алматы : Білім, 2013. - 287 б.

Сығай, Ә. Актер әлемі [Мәтін]. 1 том / Ә. Сығай. - Алматы : Ан Арыс, 2008. - 271 б.

Аупбаев Ж. Ажалға аттанғандар [Мәтін] / Ж. Аупбаев // Егемен Қазақстан. - Астана, 2016. - 1 қырк. (№ 167). - 9 б. .; 2 қыркүйек (№ 168). - 8 б. .; 3 қыркүйек (№ 169). - 9 б. .; 6 қыркүйек (№ 170). - 13 б. .; 9 қыркүйек (№ 173). - 5 б. .; 10 қыркүйек (№ 174). - 5 б.

Аханбайқызы А. Театр тарланы [Мәтін] : [таланты актер Асанәлі Әшімов туралы] / А. Аханбайқызы // Егемен Қазақстан. - Астана, 2017. - 10 мамыр (№ 87). - 13 б.

Әкімбекқызы К. Әлем таныған Асанәлі [Мәтін] : [кино және театр жұлдызы Асанәлі Әшімов 80 жасқа толды] / К. Әкімбекқызы // Заң газеті. - Алматы, 2017. - 16 мамыр (№ 36). - 1,3 б.

Әшімов А. "Бізде әлем танитын актер бар" [Мәтін] : [КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовпен сұхбат] / А. Әшімов ; әңгімелескен Н. Дүтбаева // Қазақ әдебиеті. - Алматы, 2017. - 5 - 11 мамыр (№ 18). - 8-9 б.

Әшімов А. Әр мемлекеттің төрінде бір ұлттық театр тұруы керек [Мәтін] : КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері А. Әшімовпен сұхбат ің / сұхбаттасқан А. Аханбайқызы // Айқын. - Алматы, 2016. - 20 сәуір (№ 58). - 5 б.

Беделхан Б. Тағдыр тақтасы - маңдайдағы жазу [Мәтін] : Ғ. Мүсірепов атын. қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Б. Беделханмен сұхбат  / сұхбаттасқан Қ. Серікқызы // Қазақ әдебиеті. - Алматы, 2016. - 24-30 маусым (№ 26). - 6 б.

Байбол Ә. Ассалаумағалейкүм, Асанәлі ! [Мәтін] : тұлға / Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - Алматы, 2017. - 5 - 11 мамыр (№ 18). - 1,6-7 б.

Бектас Г. Қазақтың Асанәлісі - Еңбек Ері [Мәтін] / Г. Бектас // Айқын. - Алматы, 2017. - 19 мамыр (№ 72). - 1 б.

Имамбаева Д. Аңызға айналған Асанәлі [Мәтін] / Д. Имамбаева // Ана тілі. - Алматы, 2017. - 18 - 24 мамыр (№ 20). - 1, 3 б.

Құлбаев А. Тұнық өнер тұлғасы [Мәтін] / А. Құлбаев // Президент және халық. - Астана, 2017. - 17 наурыз (№ 10/11). - 7 б.

Құлбаев А. Тұнық өнер тұлғасы [Мәтін] : [Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімұлы туралы ] / А. Құлбаев // Егемен Қазақстан. - Астана, 2017. - 4 сәуір (№ 64). - 9 б.

Құрманғали Қ. Өнерге арналған өмір [Мәтін] / Қ. Құрманғали // Айқын. - Алматы, 2017. - 6 мамыр (№ 66). - 9 б.

Шарманов Т. Жарық жұлдыз [Мәтін] / Т. Шарманов // Айқын. - Алматы, 2017. - 12 мамыр (№ 68). - 15 б.

Дирижер, Қазақстанның және КСРО халық артисі Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиевтің туғанына 90 жыл (1927-2015 жж.)

Шамғон Сағаддинұлы - дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, профессор. 1927 жылы 15 маусым күні Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін, ал 1964 жылы Ленинград мемлекеттік консерваториясының опера-симфония дирижер факультетін бітірді. Алғаш халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, жетекші домбырашы, кейін дирижері қызметін атқарды. 1950–1960 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, 1968–1971 жылдары Қазақ симфония оркестрінің көркемдік жағын басқарушы әрі бас дирижері болды.

Ш.Қажығалиев 1953 ж. Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүние жүзілік фестивалінің лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы және "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Ақын А. "Ағалардың аманатын арқалап..." [Мәтін] / Ақын, А.//Теміртау.- 2005.-28 сәуір.- 8б.

Қазақстан өнері [Мәтін] : жылнама / құраст. Ө. Оралбеков. - Алматы : Өнер, 1987. - 80 б.

Мұқан А. Дирижер [Мәтін] / А. Мұқан // Егемен Қазақстан. - 2007. - 26 маусым (№176).-5  б.

Өнер саңлақтары [Мәтін] / Т. Бейсембек. - Қарағанды : [б. ж.], 2007. - 136 б.

Табыну [Мәтін] / Қ. Ахмедияров. - Алматы : [б. и.], 2000. - 471 б.

Шырқа, даусым [Мәтін] : әндер / Құр. Қыдырбекова Б. - Алматы : Өнер, 1984. - 204 б.    

Балташұлы Е. "Бәрі де ұқсас "Саржайлаудың" сазына" [Мәтін] : өнер күнделігі / Балташұлы, Е. // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2005. - 23 сәуір. - 16  б.

Бейсембек Т. Шамғон және қазақ музыка өнері [Мәтін] : өнер саңлағы / Бейсембек Т. // Орталық Қазақстан. - Қарағaнды, 2007. - 19 маусым. - 4  б.

Бейсембек Т. Шамғон және қазақ музыка өнері [Мәтін] : өнер саңлағы / Бейсембек Т. // Орталық Қазақстан. - Қарағaнды, 2007. - 4 желтоқсан. - 4  б.

Бимендина Р. Аты әлемге әйгілі дирижер [Мәтін] : өнер саңлақтары / Бимендина Р. // Орталық Қазақстан. - Қарағaнды, 2007. - 19 сәуір. - 6  б.

Бегендіков Ж. Дирижерлік өнердің дарабозы еді [Мәтін] / Ж. Бегендіков // Егемен Қазақстан. - Астана, 2016. - 2 маусым (№ 104). - 8 б.

Жанғожин А. Маэстроның мерейтойы [Мәтін] : өнер күнделігі / Жанғожин А. // Орталық Қазақстан. - Қарағaнды, 2007. - 13 желтоқсан. - 8  б.

Дөңқабақ О. Маэстро [Мәтін] / О. Дөңқабақ // Дала мен қала. - Алматы, 2011. - 18 шілде (№ 29). - 10 б.

Омарбекова Р. Құдыретті Қажығалиев еді [Мәтін] / Р. Омарбекова // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 5 мамыр (№ 83). - 7 б.

Шамғон Сағадиұлы Қажығалиев [Мәтін] // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2015. - 5 мамыр (№ 74/75). - 7 б.

 

Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімдері ерекше мақтанышпен аталатын

талант иелерінің өмірімен таныс болыңыздар!

Келіңіздер, оқыңыздар!