Қадірлі оқырман! Илья Жақановтың  ән әлеміне қанат қақтырар, шығарма қиялдың биік шыңына шығаратын, сырлы көрмені тамашалауға шақырамыз! 

Өнер өлкесінде өз үнімен ерекшеленетін Илья Жақановтың шығармашылық көкжиегіне көтерілгеніне биыл 80 жыл. Әсерлі әуен шалқар шабытпен астаса отырып, жүректі баурап қана қоймай, көңілдің нәзік қалтарысына бойлай түсетін әндері әрбір қазақтың жүрегінде.

Осыған орай, өнер туралы әдебиеттер бөлімі "Жұлдызды есім..." атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме Илья Жақановтың өз қолтаңбасымен жазылған еңбектермен, мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалармен, өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен толықтырылды.Көрмеден автордың "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" атты еңбектерінен,ән өнерінің шығу тарихы, қазақтың музыка саңлақтарын көре аламыз. Сонымен қатар, "Теміртауда мақпал түн" еңбегінде Елбасымызбен жүздесулерін әсерлі әңгімелесе, "Үзілген ән" атты еңбегінде қазақ қоғамының ауыр тағдырын сөз етеді. Бұл көрменіңбасты мақсаты – талғамы биік оқырманды қаламгердің шығармашылығымен сусындату.Сондай-ақ, біздің кітапхана қорымызда  кездесетін І.Жақанов туралы жазылған төмендегіше кітаптары мен  мақалаларды ұсына аламыз:

 Әдебиеттер:

  • Айтбайұлы Ө. Тілғұмырлар [Текст] : (қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары) / Ө. Айтбайұлы. - Алматы : Абзал-Ай, 2014 - 4 т. - 398 б
  • Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері [Мәтін] : очерктер / ҚР білім және ғылым министрлігі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ; ред. С. Қасқабасов. - Алматы : Жібек жолы, 2013. - 287 б.
  • Тұрабаева, Л. Қ. Қазақ прозасындағы өнерпаз тұлғасының бейнеленуі [Мәтін] : автореферат / Л. Қ. Тұрабаева. - Алматы : Арыс, 2006. - 28 б.
  • Жақанов І. Құлагердің түбіне жеткен Батыраш-Қотыраш емес - Барақбайдың жендеті Ізбасқан [Мәтін] : Композитор І.Жақановпен сыр-сұхбат / Сұхбаттасқан С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2003. - 9 тамыз. - 8, 9  б.
  • Жұмасейітұлы Д. Ел еркесі - Ілия [Мәтін] : Сазгер / Д.Жұмасейітұлы // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2002. - 10 тамыз. - 13  б.
  • Жүнісбекұлы Д. Көңілдерді көркейтті [Мәтін] : әнді сүйсең, менше сүй... / Жүнісбекұлы Д. // Қарқаралы. - 2005. - 2 шілде. - 4  б.
  • Мақсымұлы М. Әдемі әуез төгілген ән кеші [Мәтін] : әнді сүйсең, менше сүй... / Мақсымұлы, М. // Қарқаралы. - 2005. - 2 шілде. - 4  б.
  • Рахұлы А. Кеңгірдің қоңыр кешінде [Мәтін] / А.Рахұлы // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2003. - 19 маусым. - 8  б.
  • Сексенұлы С. "Әнім саған, Сарыарқа" [Мәтін] : өнер күнделігі / Сексенұлы, С. // Орталық Қазақстан. - Қарағaнды, 2005. - 11 маусым. - 16  б.
  • Сығай Ә. Ән әміршісі [Мәтін] / Ә. Сығай // Дала мен қала. - Алматы, 2011. - 24 қазан (№ 42). - 10 б.
  • Тойбек А. Алаш ардақтысы Абай ауданын аралады [Мәтін] / А. Тойбек // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2009. - 3 қазан (№ 150/151). - 8 б.

Ән әлеміне әлдилеген бұл туындылар өнерсүйер оқырманды баурап алары сөзсіз. Келіңіздер, қаламгердің шығармашылығымен таныс болыңыздар!