Құрметті оқырман, ғажайып әннен, сырлы тағдырдан сыр шертетін көрмені көруге асығыңыздар!

Биыл қазақ халқының аяулы перзенті, атақты жерлесіміз Мәди Бәпиұлының туғанына 135 жыл. Заманынан ерте туған, өз қатарынан озық болған ақын артына өлмес мұра қалдырды. Оның әндері қазақ халқының асыл қазынасы, мақтанышы.

Осыған орай, өнер туралы әдебиеттер бөлімі "Мәдидің асыл мұрасы" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеге Мәди жайлы еңбектер мен мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар, өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды. Көрмеден Ахмет Жұбановтың "Замана бұлбұлдары", Илья Жақановтың "Үшқара", Кәрім Сауғабайдың "Мәди" кітаптары мен "Мәдидің мәңгі жасар өлмес әні" жинағы және "Сарыарқа әндері" антологиясымен таныса аласыздар. Аты аталған әдебиеттерде тағдыры соқтықпалы, соқталы болған, ғұмыр бойы әділетсіздікке қарсы күресіп, азаттықты ту етіп өткен тарлан тұлғаның өмірбаяны, шығармалары кеңінен жазылып, баяндалған. Көрменің басты мақсаты – жастарға ақын шығармашылығын насихаттау.

Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімі ерекше аталатын дара тұлға Мәди Бәпиұлының өмірімен таныс болыңыздар!  Келіңіздер, оқыңыздар!