...Менің сәнім мың болды,

Әнім менің мұң болды

Ш. Қалдаяқов

Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын!

Дүние дөңгелеп, заманалар зырғып мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанған қазақстанның "Мәдени мұра" бағдарламасымен "Қазақтың мың әні мен мың күйі" жарыққа шығып, әлемге паш етілді. Осы тұста Қорқыт Ата, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей, Байсерке, Сүгір сынды күй тарландары мен Ақан, Біржан, Мұхит, Әсет, Естай, Жаяу Мұса, Кенен секілді халықтың ән дәстүрлерін уақыт ағымымыен алға апарушы дарабоздардың өткен ғасырдың екінші жартысындағы ту ұстаушысы – Композитор Шәмші Қалдаяқов жөнінде көрнекті жазушы Еркінбай Әкімқұлов өзінің замандық терең толғаныспен жазылған роман-эссесін алға тартып отыр. Автор осы роман-эссенің кейіпкері – қазақтың дара тұлғалы ақеділ композиторы Шәмші Қалдаяқовпен албырт жастық шақ кезеңдерін: небір жарқын жылдары мен айтулы күндерін бірге өткізген және соның  бәрін мықтап жадында тұтқан.

Автордың Шәмші Қалдаяқовпен өмірінің отыз екі жылын бірге өткізіп, композитор бақилық болғаннан кейін оның бар шығармашылығы мен тіршілік тынысын қайта терең зерттеп, асықпай жазып, баспасөзде жаңа туындыдан үзінділер беріп, елге таныстырып, ақырында толық аяқтап, "Өнер" баспасынан жарық көріп отырған роман-эссесі бірінші жақта баяндалған.      

Туынды жиырма бес тарауға бөлінген жиырма төрт баспа табақ көлемде екен. Композитордың балалық шағынан бастап бозбала кезі, техникумда оқуы, Ташкент қаласына барып музыкалық сауатын ашуы, әскери училищедегі, Алматы консерваториясындағы өмірі қамтылған.

"Шырқа, Шәмші!", "Қош! Аман бол консерватория", "Оңтүстігім – ерен елім", "Арыс жағасында", "Комсомол сыйлығы – ел сыйлығы", "Сағынышым менің", "Арманым – Ақ сарай еді", "Аралайын, айналайын Арқаны" ... және ең соңғы желі "Мен өлмеймін, мәңгілікпін" атты тараулары мейлінше тартымды және шыншылдықпен тебірене жазылған.

Атақты композитордың "Менің Қазақстаным" атты электронды диск та біздің кітап қорымызда сақтаулы. Бұл дискден халық қазынасына айналған сазгердің тамаша туындыларын тыңдай аласыздар!

Белді жазушымыз Еркінбай Әлімқұлов осы шығармаға өзінің бар талант-қабілетін, жүрегінің іңкәр ыстық сезімдерін түгел төккен.

Оқырман қауым, қазақ халқы аса көрнекті композиторының өмір ғибраты, ауыр да азапты күндері жайлы жазылған сұңғыла шығарманы жаппай іздеп, ерекше күйді бастан кешіре отырып оқитын болады.

Келіңіздер! Оқыңыздар! Тыңдаңыздар!

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  • Қазақ вальсі [Мәтін] : қазақстан композиторларының әндері / құраст. Д. Мүсіров. - Алматы : Өнер, 1982. - 78 б.
  • Қайырбеков, Ә.  Саға [Мәтін] : эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам / Ә. Қайырбеков. - Астана : Фолиант, 2003. - 296 б.
  • Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған [Мәтін] :  Шәмші Қалдаяқов туралы естеліктер / құраст. Ж. Нұсқабайұлы. - Алматы : Білім, 2007. - 296 б.
  • Сәрсенбай, Қ.  Өнер-өмір [Мәтін] : әр жылдардағы жазбалар / Қ. Сәрсенбай. - Алматы : Қазығұрт, 2004. - 496 б.
  • Шаймерденов, Е.  Елтаным [Мәтін] : тарихи - философиялық рәмізбаян : [ғылыми-танымдық басылым] / Е. Шаймерденов. - Алматы : Экономика, 2005. - 304 б.
  • Шәмші [Мәтін] : шәмші Қалдаяқовтың әндері мен әзілдері және ақындығы туралы кітап / құраст. К. Әмір-Бек. - Алматы : Нақ-нақ, 2002. - 280 б.
  • Шәмшінің әндері [Мәтін] / құраст. Ш. Хабдина. - Алматы : Өнер, 1993. - 63 б.
  • Қыдыр, Е.  Отырар [Мәтін] : анықтамалық / Е. Қыдыр. - Астана : Фолиант, 2009. - 300 б.
  • Шаймерденов, Е.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны [Мәтін] = Государственный Гимн Республики Казахстан = The state Anthem of the Republic of Kazakhstan : [рәмізбаян-эссе] / Е. Шаймерденов. - Алматы : Алматыкітап, 2008. - 63 б.
  • Қазақ композиторлары және қазақтың музыкалық аспаптары [Мәтін] : балабақшаға арналған дидактикалық материал / құраст. Ф. М.  Қоңыратбай. - Алматы : Алматыкітап, 2008. - 63 б. : түрлі-түсті сурет.
  • Әкімқұлов, Е. Шәмші Қалдаяқов-ән патшасы [Мәтін] : роман-эссе / Е. Әкімқұлов. - Алматы : Өнер, 2012. - 462 б.
  • Аяған Б. Қазақстанның жаңа тарихы [Текст] : үш томдық / Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. - Алматы : [б.ж.], 2012. - (Мәдени мұра) (мұқ.).Т.1 : Кеңес жүйесінің дағдарысы және ыдырауы. - 318 б.
  • Ешимов, М. П.  Қазақ әдебиеті мен мәдениеті [Мәтін] : шетелдік және өзге тілді азаматтарға арналған оқу құралы / М. П. Ешимов ; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 104 б.
  • Есім, Ғ.  Сана болмысы [Мәтін] : ғылыми басылым / Ғ. Есім ; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2013. - 331 б.
  • Қабышұлы Ғ. Шығармалары [Текст] / Ғ. Қабышұлы ; ред. Ж. Әскербекқызы ; жауапты ред. Қ. Құрмансейіт ; алғыс сөз. авт. Ж. Дәулет ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2011 – 237 б.
  • Жақсымбетұлы, Е.  Шәмші-дария [Мәтін] : деректі дастан / Е. Жақсымбетұлы ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. - Алматы : Білім, 2015. - 345 б.
  • Бодықов, О.  Шәмші Қалдаяқов [Мәтін] : хикаяттар / О. Бодықов. - Алматы : Шабыт , 1992. - 112 б.