«Мен оқимын! Біз оқимыз! Барлығымыз оқимыз!» акциясы

24-26 маусым 2013 ж.

 Акция аясында Ұлытау ауданының Қорғасын, Терісаққан, Егінді, Бетбұлақ елді мекендерде түрлі акциялар, мастер-класстар, байқаулар, блиц-сауалнамалар, шығармашылық алаңдары ұйымдастырылады.

Толығырақ...

    • «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жағдайында
    • облыс кітапханаларының қорын қалыптастыру»

2013 ж. 1-сәуірінде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облысымыздың толықтырушылары «Кәсіби оқу Мектебінің» толықтырушылар секциясы аясындағы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жағдайында облыс кітапханаларының қорын қалыптастыру» тақырыбындағы кезекті семинарда бас қосты.

Семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова ашып, облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтер аясын кеңейтудегі шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерін уақытылы әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау, облыстағы барлық ОКЖ дайындалған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бойынша атқарылып келе жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер беріп, облысымыздағы осы бағдарлама қаржыландыратын 69 жоба мен осы жоба аясында атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Толықтырушылар секциясының жетекшісі, кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі И.С.Иссык Қарағанды облысы кітапханаларында «ҚР ҮИИДж мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру және оны құжаттық қамтамасыз етудегі облыс кітапханаларының атқаратын рөліне тоқталды.

Толығырақ...

«ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау»

 

2013ж. 4-наурызы күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облыстағы ОКЖ директорлары, облыстық кітапхана басшылары қатысқан «ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау» атты облыстық семинар-практикум өтті.Әлі түбегейлі зерттелмеген күрделі тақырыпты айқындауға және кітапханалардың ОКЖ жағдайын болжау сияқты айрықша механизмге басты назар аударуға тырысқан басшылар сапалы жоспарлау, бюджеттеу, бизнес-жоспарлау, басқарушылық есеп, мониторинг, стратегиялық жоспарлау және т.б. мәселелерді қарастырды.

Семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова ашып, республикалық директорлар мәжілісінде қарастырылған Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананы жылжытудағы, цифрлау, авторлық құқықты сақтаудағы облыстық кітапханалардың, қалалық, аудандық ОКЖ рөлін арттыру сияқты түйінді сұрақтарды талдап, түсіндірді.

Толығырақ...

  • «Кітапханаларды автоматтандыру: бағдарламалық қамтамасыз ету,
  • есептеуіш желілер. Кітапхана саласындағы бұлтты қызметтер»

облыстық семинар

Мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз етуді лицензиялау, жергілікті желілерді монтаждау, серверлерді сатып алу, лицензиялаудың тиімді саясаты туралы білім алу.

«СофтЛайн Трэйд» ЖШС аймақтық өкілдігінің жетекшісі Виктор Борисович Букин бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету, лицензиялаудың тиімді саясаты бойынша кәсіби кеңестер берген семинардан облыс кітапханаларының жүйе техниктері мен бағдарламашылары мол мағлұмат алды.

«XNET» аға менеджері Тайжанова Әйгерім Қанатқызы серверлерді сатып алу, желілік құралдарды және жергілікті желіні монтаждауды жете түсіндірді.

«Қазақтелеком» АҚ Қарағанды филиалының ақпараттық жүйелер дирекциясының коммерциялық өкіліДосмағанбетов Данияр Әскенұлы ID Host (хостинг, colocation, vps, dedicated) қызметтері, бұлтты бейне-конференция туралы түсініктер берді.

Толығырақ...

«Жаңа технологияларды дамытудағы басқару шешімдері»

облыстық семинар-практикум

Мақсаты: жаңа технологияларды дамытуда қарастырылатын мәселелерді шешуге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау.

ОКЖ директорлары «Креатида» интернет-компаниясының web-сайттарын құру, қолдау мен талдау бойынша кәсіби кеңестер алып, кітапхана сайттарының тиімділігін бағалау мен талдау бойынша жұмыстан тәжірибе алмасып, «РАБИС» АЖО (АРМ) проблемалық сұрақтарын, лицензиялық бағдарламаларды сатып алу және есептеуді қарастырды. Семинарда Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің білікті маманы Н.Ә.Рақымова келелі кеңестер берді.

Тәжірибелік жағдайлық міндеттерді шешу және талдау теоретикалық білімді бекітіп, қажетті дағдыны тудыруға мүмкіндік берді. Келесі ұсыныстар қабылданды: серверлер, желілік құралдар сатып алу және жергілікті желілерді демонтаждау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лицензиялаудың тиімді саясаты, сайт құру, ЭК дамыту.

Толығырақ...