«ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау»

 

2013ж. 4-наурызы күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облыстағы ОКЖ директорлары, облыстық кітапхана басшылары қатысқан «ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау» атты облыстық семинар-практикум өтті.Әлі түбегейлі зерттелмеген күрделі тақырыпты айқындауға және кітапханалардың ОКЖ жағдайын болжау сияқты айрықша механизмге басты назар аударуға тырысқан басшылар сапалы жоспарлау, бюджеттеу, бизнес-жоспарлау, басқарушылық есеп, мониторинг, стратегиялық жоспарлау және т.б. мәселелерді қарастырды.

Семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова ашып, республикалық директорлар мәжілісінде қарастырылған Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананы жылжытудағы, цифрлау, авторлық құқықты сақтаудағы облыстық кітапханалардың, қалалық, аудандық ОКЖ рөлін арттыру сияқты түйінді сұрақтарды талдап, түсіндірді.

 

Семинарда әр түрлі халықаралық конференцияларда қозғалған:

  1. Кітапханаларды түрлендіру және жаңа кітапхананы қалыптастыру;
  2. компьютерлік техника құралдарын трансформациялау;
  3. кітапханалық-ақпараттықкеңістіктегі ақпараттың ашыққолжетімдігі және ашық мұрағаттар;
  4. Мобильді кітапханалыққызметтер. Шынайы құралдардың бірі – мобильді технологиялар, пайдаланушылардың гаджеттерінен кітапханалық ресурстарға қолжетімділік "Бұлттағы" кітапхана
  5. кітап нарығын түрлендіру, электронды кітаптар және кітапханаларды цифрлық кезеңде елестету;
  6. оқырмандарға қызмет көрсету үшін электронды кітаптарды тегін қолдану;
  7. мобилді кітапханалық қызметтер;
  8. Web 2.0 инновациялық құралдары, электронды ақпараттың интервенциясы, цифрлау және электронды кітапханалар;
  9. кітапхана кадрларын даярлау және қайта даярлау және т.б. тақырыптар талқыланды.

В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі И.С.Иссык «Болжау мәнмәтінінде стратегиялық жоспарды талдау» атты баяндамасында стратегиялық болжаудың байқау көрсеткіштерін жоспарлауда күрделі процестердің біріне жататына тоқталып, стратегиялық көрсеткіштерге жататын электронды ресурстарды пайдаланушыларды жоспарлау, электронды құжаттар мен басылымдардың берілімі, ЭК жазбалар енгізу туралы келелі кеңестер берді.

Абай ОКЖ директоры Н.С.Филиппенко «Инструменты мышления при решении управленческих проблем» (Басқару шешімдерін қабылдаудағы ойлау құралдары) атты баяндамасында Эдвард де Боно ұсынған «қалпақтар» метафорасын қолданып, ойлау түрлерін көрсетті. Қалпақтардың түстері іскерлікте, болмаса жеке өмірде байқалатын әртүрлі 6 жағдайда немесе 6 «енгізілген» метабағдарламаларға сәйкес келетін қалпақты киген, өзін лидер санайтын әр адам кез-келген 6 қалпақтың бірін кез-келген уақытта киюге даяр болуы тиіс. «6 қалпақ» әдісіне сүйене өткізілген баяндамада басшылар қалпақтарды кию барысындағы ойлау түрлерімен таныс болды.

Семинар барысында кітапхана басшылары өз қызметтерінде туындайтын мәселелер мен алдарына қойған міндеттерді көпшілік талқысына салды. Қарқаралы ОКЖ директоры Бейсенова Бағдат Зияденқызы «Тұрғындар-кітапхана» жүйесіндегі болжау» атты баяндамасында алдағы 5 жылда халқы аз елді мекендерде кітапханаларды жабуды ескере, кітапхана желісін оптимизациялау бойынша атқарылатын жұмыстарды жете түсіндіре, «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны»жүзеге асыру аясында кітапханаларды сақтау жайын жан-жақты көрсете білді.

Қарағанды ОКЖ директоры Р.К.Құзғынбаева «Заманауи оқырманға – заманауи кітапхана» тақырыбындағы баяндамасында ОКЖ даму стратегиясын ашып көрсетіп, «2013-2016жж. арналған Қарағанды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің стратегиялық жоспарын» толық ұсынды.

Шахтинск ОКЖ директоры И.А.Калинина «Шахтинск ОКЖ даму стратегиясы» атты баяндамасында корпоративті желі дамуының алғашқы қадамдары, сайтты жетілдіру, шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікке көмек ретінде көрсетілетін ақпараттық қызметтер жайлы ойларын ортаға салды.

Шет ОКЖ директоры М.С.Нұрпейісова алдағы 3 жылға арналған ОКЖ стратегиялық бағыттарын ұсынып, басқару шешімдерін қабылдау құралдарына жатқызуға болатын мониторинг қорытындысымен таныстырды. Шет ОКЖ 2 кенттік кітапхананы жөндеу жұмыстарына 13 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 1 млн. 700 мың теңгеге жиһаз сатып алынған. Бұл жүйеде АDSL технологиясы бойынша Интернетке 15 кітапхана қосылған.

Аталмыш семинар басқару проблемаларын шешу алгоритмін дайындау, шешімдер құрау дағдысын қалыптастыру мақсатындағы синтез бен талдау қабілеттері,басқару шешімдері алгоритмін түсіну параметрлері бағаланған «Басқару проблемасын шешу алгоритмі» атты іскерлік ойынмен түйінделді. Кітапхана басшыларының жеке, топтық шешімдерін салыстыра келе, топтардағы басқару проблемаларын қалыптастыру кезеңдерінің неғұрлым дәйекті орналастырылғанын байқадық. Басқару шешімдерін қабылдау әрекеттерінің кезеңдерін белгілеуде проблеманың бар болуы мен проблемалардың туындау себептерін анықтау, проблема туралы ақпараттың растығы мен толықтығы, проблеманы шешу нұсқаларын дайындау, шешім нұсқаларын бағалау белгілерін таңдау, шешім нұсқаларын бағалау, шешімді рәсімдеу және т.б. қиындықтар туындады.

Семинар соңында директорлар алдағы уақытта ұйымдастырылатын семинарларға менеджер, маркетолог, қаржыгер, заңгер, психологтар қатысса деген ұсыныстарын білдірді.

  • «ОКЖ дамуының басқару құралы ретіндегі басқарушылық болжау».
  • облыстық семинар-практикум бағдарламасы
  • 04.03.2013ж.
  • Мақсаты: басқару шешімдерін дайындаудың қабылдау жүйесі ретіндегі болжауды зерттеу
  • 09.00. - 09.10.
  • Семинардың ашылуы. Мақсаты мен міндеттері.
  • Д.Б.Аманжолова - Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры
  • 09.10. - 09.25.
  • Болжау механизмі ОКЖ дамытуды басқару құралындай.
  • Ф.Х.Тимершина, Н.В.Гоголь атындағы кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі
  • 09.30.-09.55.
  • Болжау мәнмәтінінде стратегиялық жоспарды талдау.
  • И.С.Иссык, Н.В.Гоголь атындағы КДБ инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі
  • Сұрақтар мен жауаптар.
  • 09.55.-10.00.
  • «Тұрғындар-кітапхана» жүйесіндегі болжау.
  • Б.З.Бейсенова, Қарқаралы ОКЖ директоры
  • Сұрақтар мен жауаптар.
  • 10.00.-10.30.
  • ОКЖ дамуының стратегиясы.
  • Р.К.Құзғынбаева, Қарағанды ОКЖ директорыМ.С.Нұрпейісова, Шет ОКЖ директорыИ.А.Калинина, Шахтинск ОКЖ
  • Сұрақтар мен жауаптар.
  • 10.30-10.40.
  • Басқару шешімдерін қабылдаудағы ойлау құралдары.
  • Н.С.Филиппенко, Абай ОКЖ директоры
  • Сұрақтар мен жауаптар.
  • 11.50 -12.30
  • Басқару проблемасын шешу алгоритмі (іскерлік ойын).
  • Мақсаты: Басқару проблемасын шешу алгоритмін дайындау. Шешімдерді топтық құрау дағдысын қалыптастыру.
  • Ұсыныстар және іскерлік ойынды жүргізу тәртібі.
  • 12.35-13.20. Үзіліс. Перерыв
  • 13.30-15.00.
  • Басқару проблемасын шешу алгоритмі (іскерлік ойын) - жалғасы.
  • Сұрақтар мен жауаптар.
  • Семинарды қорытындылау.
  • Ұсыныстарды қабылдау.