2021 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапханада «Ақпараттық кеңістіктегі кітапханалардың даму үрдісі» атты VІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыс кітапханаларының жағдайын талдау, пандемиядан кейінгі кезеңдегі кітапханалардың даму стратегиясын анықтау, кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Облыстық семинарға облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары, «OrdaGen» жобасының атқарушы директоры Байдібек Нұрланұлы қатысты.

Семинар аясында «Кітапханалық – митап» шығармашылық алаңы ұйымдастырылды, алаңда бейресми жағдайда тәжірибе алмасу болды. Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Балқаш және Теміртау қалаларының ОКЖ қызметкерлері оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Семинар бағдарламасы инновациялық кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Карашова А.К. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы Қарағанды облысы кітапханаларының жағдайы» баяндамасымен таныстырып, облыстың ОКЖ-нің жай-күйі бойынша талдауымен бөлісті. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Уатаева Б.Қ. дәстүрлі кітапханалық бағыт пен заманауи ағымды бірге алып келе жатқан балалар кітапханасының тәжірибесімен таныстырды. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана басшысы Шаймуханбетова А.С. көруі  бойынша мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету бойынша жұмыс ерекшеліктеріне тоқталып, облыс бойынша  әр ОКЖ-де осы бағытта жұмысты жандандыру мәселесін көтерді.

Шахтинск, Қаражал қалаларының орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары мен Абай ауданының әдіскері кітапханаларды жаңғырту, кітапхана кадрлары, кітапханадағы жастармен жұмыс тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ, Шахтинск қ. ОКЖ басшысы Калинина И.А. қаланың 60 жылдығына арналған «Шахтинск – сүйікті қалам» атты толықтырылған шындық энциклопедиясымен таныстырып, аталмыш басылымды біздің кітапханаға сыйға тартты.

Отырыс барысында «OrdaGen» жобасының атқарушы директоры Байдібек Нұрланұлы аталмыш жобаның мақсатты мен таныстырып, жоба аясында шыққан басылымдарды қатысушылардың назарына  ұсынды.

«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер  шеруіне қатысушылар аталмыш іс-шара жайлы өз әсерлерімен бөлісті.

Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК мамандары «Қарағандылық букблогер» облыстық акциясының  қорытындысы бойынша және облыс кітапханаларының оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру қызметіне талдау ұсынды.

Семинар соңында «Қарағандылық букблогер» облыстық акциясында ерекшеленген қатысушыларды,  аймақ кітапханашыларының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» Қазақстандық кітапханалық Одақтың төсбелгісі иегерлерін және іс-шараларды ерекше әрі қызықты форматта ұйымдастырған ауылдық және қалалық кітапхана қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Семинарға қатысушылар іс-шараның маңыздылығын, сондай-ақ облыстың кітапхана ісін дамытудың өзекті мәселелері, кітапханаларды жаңғырту мәселелері, балалар кітапханасында оқуды насихаттау, көру қабілеті нашар адамдарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кадр мәселелері және т. б. баяндамалардың жоғары деңгейін атап өтті.

9.30-10.00

Қатысушыларды тіркеу

 

10.00-10.30

Кітапханалық - митап (бейресми жағдайда тәжірибе алмасу)

  • Шет ауданының ОКЖ
  • Бұқар Жырау ауданының ОКЖ
  • Абай ауданының ОКЖ
  • Қарқаралы ауданының ОКЖ
  • Шахтинск қ. ОКЖ
  • Балқаш қ. ОКЖ
  •  Теміртау қ. ОКЖ

10.30-10.35

Семинардың ашылуы

 

 

Умбединова Г.Н.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК басшының орынбасары

10.35-10.50

Қарағанды облысының кітапханалары Тәуелсіздік жылдарында» тақырыбы бойынша баяндама

 

 

Карашова А.К.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК  кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы

10.50-11.00

Балалар кітапханасында кітап оқуды танымал ету (іс-тәжірибе негізінде)

Уатаева Б.К.

Абай атындағы ОБК басшысы

11.00-11.10

Көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Шаймұханбетова А.С.

Облыстық арнайы кітапхананың

басшысы

11.10-11.20

«OrdaGen» жобасының таныстырылымы

Байдібек Нұрланұлы

«OrdaGen» жобасының атқарушы директоры

11.20-11.30

Абай ауданы кітапханаларын жаңғырту бойынша  жұмысындағы тәсілдер

Кидрасова Р.Е.

Абай ауданының ОКЖ әдіскері

11.30-11.40

Заманауи кітапхананың кадрлары. «Кітапханашы - жаңа формация мамандығы» бағдарламасы.

Калинина И.А.

Шахтинск қ. ОКЖ басшысы

11.40-11.55

«Кітапхана және жастар: жаңа идеялар толқынында»

Окасова Ж.Ж.

Қаражал қ. ОКЖ басшысының м.а.

11.55-12.00

Выступление участников ІІ республиканского парада искусств «Сәлем, Елорда!»

 

«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер  шеруінің қатысушыларының сөзі

Нүрпейсова М.С.

Шет ауданының ОКЖ басшысы

12.00-12.05

Жакупова Г.А.

Жаңаарқа ауданының ОКЖ басшысы

12.05-12.10

Маякина Б. Р.

Қарқаралы ауданы Нүркен Әбдіров атындағы ауылының кітапханашысы

12.10-12.25

«Қарағандылық букблогер» акциясының  қорытындысын шығару

Жамауова Ұ.Ө.

Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК облыстық кітапханаларды дамыту бөлімі

12.25-12.35

 

Облыс кітапханаларының оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру қызметіне талдау

Ерғали Гүлден Батырланқызы

Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК облыстық кітапханаларды дамыту бөлімі инновациялық-әдістемелік жұмыс секторының басшысы

12.35-12.45

Аймақ кітапханашыларының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» Қазақстандық кітапханалық Одақтың төсбелгісімен марапаттау рәсімі

Умбединова Г.Н.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК басшының орынбасары

12.45-12.55

Семинардың қорытындысы