2019 ж.22 мамыр күні Қарағанды ОӘҒКбазасында Кітапханалардың өлкетану қызметінің маңызды бағыттары» аттыоблыстық семинары (библиографтар секциясы) өтті.

Облыстық семинарға облыс кітапханаларының және облыстың ОКЖ-нің библиографиялық мамандары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің және мектеп кітапханаларының қызметкерлері қатысты.

 

Семинар қатысушылары келесі мәселелерді талқылады:

  1. Өлкетану саласында  ЖОО, архивтер, мұражайлар мен мектеп кітапханаларының ынтымақтастықта болуы.
  2. Облыстың кітапханалық өлкетану ісінің даму стратегиясы.
  3. Аймақтық кітапханалардың цифрлық жобаларын құру.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК ғылыми хатшысы Пак Валентина Иосифовна өз сөзінде өткен мен болашақтың жалғаушысы болып табылатын өңірлік өлкетану ісінің маңыздылығын атап өтті.

Шахтинск ОКЖ, Жезқазған ОКЖ және Бұхар жырау ауданы ОКЖ өлкетану бойынша цифрлық жобалар жасаудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қатысушылары облыс кітапханаларының кітапханалық өлкетану ісінің мәселелерін шешуде белсенді жұмыс атқарып жатқандығын, өлкетану қызметінің дамуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асырумен тығыз байланысты болатындығын атап өтті.