"KitapTime-2022" республикалық кітап фестивалінің

23 қыркүйек күні сағат 11.00-де академиялық музыкалық комедия театры алаңында Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы жалпы республикалық "KitapTime-2022" кітап фестивалінің салтанатты ашылуына қатысады.

Фестивалдің мақсаты – кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Фестиваль Бағдарламасында:

  • "Шесть точек прикосновения" атты кітабының тұсаукесері;
  • "QaraqandyParty": поэзия алаңы;
  • "Білімнің бас құралы – КІТАП": Ахмет Байтұрсынов алаңы;
  • "Мені өзіңмен ала кет": Кітап шопингі,
  • "Оқуға ұсынамыз!" Әдеби киіз үйлер;
  • "Дос болайық кітаппен": балаларға арналған ашық микрофон;
  • "Білімділер бәйгесі" зияткерлік викторина-ойыны;
  • Шеберлік сағаттар
  • BookCrossing

Фестиваль аясында Қарағанды облысының кітапханалары "Отандастар қоры" КЕ АҚ ұйымы жариялаған жобаға қатысып, алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға "ӘР ҚАЗАҚҚА БІР КІТАП!" жобасымен кітап тарату акциясын қолдайды. Аталмыш Қор Қазақстан кітапханаларының кітап жинауды ұйымдастырудағы қызығушылығына сенім білдіреді.

Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Бірлескен ұйымдастырушы: Ж. Бектұров атындағы ОЖК, Абай атындағы ОБК, көзі көрмейтін және әлсіз көретін зағип жандарға арналған арнайы кітапхана;

Серіктестер: Қарағанды облысының мәдениет мекемелері, қала мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, кітап сату дүкендері мен баспалары;

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, жазушылар, жас ақындар, Қарағанды кітапханаларының жетекші мамандары.

Ай кітабы