Достар!

«ОБЪЕКТИВТЕ – ҚАРАҒАНДЫ»осындай атаумен біз алғаш рет жастар БИБЛИОфотокросын өткіземіз.

Кітапханамыздың жаңа жобасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтеді. Фотокросқа Қарағанды қаласының аумағында тұратын 18-30 жас аралығындағы кез-келген адам, кәсіпқой фотограф та, әуесқой адамда да қатыса алады. Өздерімен кез-келген фотоаппарат, планшет немесе фотокамерасы бар ұялы телефон болуы қажет.

Қатысу үшін 2022 жылдың 31 мамырына дейін кітапхананың Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына өтінім жіберу керек. Өтетін уақыты – 09 маусым 2022 жыл.

Кітап пен кітап оқуды қолдауда өзіңді көрсете алатын бірегей мүмкіндіктен қапы қалмаңыз! Бірінші жастар БИБЛИОфотокросына қатысуға асығыңыз!

«ОБЪЕКТИВТЕ – ҚАРАҒАНДЫ» жастар БИБЛИОфотокросының ЕРЕЖЕСІ

Ай кітабы