Бүгін, кітапхананың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы №27 жалпы білім беретін орта мектептің 3-сынып оқушыларына қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Сөз құдіреттің данасы» атты ақпараттық сағат өткізді.

 

Мақсаты – ақынның «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұсынылған шығармаларын жан-жақты насихаттау және оқушыларды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру, балаларды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтылып, оқушылар назарына танымдық бейне слайд ұсынылды. Оқушылар ақынның «Сары шымшық», «Бұлбұл мен есек», «Қайырымды түлкі», «Оқуға шақыру» өлеңдері мен мысалдарын жарыса жатқа оқып, кешке шашу ретінде «Ақ көгершін» әнін орындады.
Сонымен қатар «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылар әр жылдарда жарық көрген шығармаларымен танысты.

Ай кітабы