Қасым Аманжоловқа ескерткіш (2011, Қыркүйек. Сәкен және Кривогуз көшелерінің қиылысындағы  Қ. Аманжолов атындағы аллея)

Қасым Аманжолов  (1911-1955) дарынды ақын – лирик, аудармашы, драматург. Ақын совет халқының Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін жырлайды, ол қазақ поэзиясы әскери лириканы енгізіп негізін қалағандардың бірі. Пушкинді, Лермонтовты, Маяковскийді аударған белгілі аудармашы.

«Қ. Аманжоловтың поэзиясы ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиетке жарқын көрініс болды, оның шығармаларымен ұрпақ тәрбиеленіп өсті, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік жалындады. Ақынның құнды мұралары Қазақстан  тәуелсіздігі сияқты мәңгі болады делінген ел басшысының мерекелік салтанатты жиынға қатысушыларға жолдауында.

Ақын соғыстан кейінгі жылдардағы модаға сәйкес костюмде, қолындағы жазба кітапшасын болашақ ұрпаққа мұра ретінде өсиет етіп тұр.

Қ. Аманжоловтың ескерткішіне белгіленген жерден тағдырдың белгісін көремін, өйткені күн түске дейін артына және бүйіріне, ал түстен кейін бетіне түседі – дейді мүсінші Жеңіс Молдабаев. Оның тағдыры да солай болған – тірі кезінде көлеңке болды. Тек өмірден өткен соң көп жылдан кейін лайықты бағаланды, мойындалды».

Автор: Ж. Молдабаев

Материал: қола, гранит

Жалпы биіктігі 7.8 м.

Дерекксөз: