Кітапхана қорын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағыттары бойынша жаңа кітаптар жинақтау керек. Ол дегеніміз, кітап қорын ғылыми-техникалықпрогрестің дамуымен байланыстыжәне ауыл шаруашылығы саласына қатысты әдебиеттермен толықтыру. Өкінішке орай, осы саладағы кітаптар жана түсімдерде өте аз, немесе кейбір кітапханаларда мүлдем жоқ деуге болады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техника, жаңа технологиялар және ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша әдебиеттер шығарылмайды. Осы саладағы мамандарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкін емес, өйткені қазіргі таңда жаңа озық технологиялар пайдалануда, ал кітап қорларындағы техника және ауыл шаруашылығы әдебиеттерінің мазмұны ескірген.

Жалпы Қарағанды ОКЖ қорында техника, ауыл шаруашылығы саласына қатысты басылымдардың  пайызы орта есеппен алғанда 6% құрайды.

Облыс бойынша бір оқырманға және бір тұрғынға кітаппен қамтамасыз етуі өте жоғары (Қаражал, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау ОКЖ). Ал кітап айналымы бұл ОКЖ бір коэффиценттен төмен, жалпы облыс ОКЖ бойынша 1.2 құрайды. Бұл біздің ОКЖ кітап қорының бөлігінде «балласт» санатына жатқызылатын әдебиеттердің саны көптігін білдіреді және оларды есептен шығару қажет.

Кітапханаларды дамыту бөлімі облыс ОКЖ кітапхана қорынын жағдайы мен пайдалану мониторингін өткізуді шешті. Зерттеу объектісі бойынша қалалық ОКЖ кітапхана қорының «Техника. Техникалық ғылымдары»  және аудандық ОКЖ «Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы» саласының бөлімдері таңдалды. Кітапхана қорын зерттеу бойынша әдістемелік ұсыныспен танысааласыздар.

Кітапханада көпшілік іс –шараларды ұйымдастырудың түрлері: әдістемелік ұсыныс / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы : құраст. А. К. Карашова. – Қарағанды, 2017. – 13 б.

Кәсіби кітапхана әлемінде "әлеуметтік-мәдени қызмет" термині кең тараған. Бұл кездейсоқ емес, оған қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өзгерістер ықпал етті.

Қазіргі таңда кітапхана көп функционалды мекеме ретінде мәдени және білім беру мекемелеріне тән әлеуметтік-мәдени функцияларды атқару да. Әлеуметтік институт ретіндекітапхананың негізі қызметтерін ақпараттық, білім беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді өткізу деп – 4 бағытта қарауға болады.

Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.

Бүгінде біздің оқырмандарымызды өздері белсенді түрде қатысатын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс - шараны түрлендіре өткізу.

Заман ағымына лайық болуды мақсат еткен кітапхана қызметкерлері жұмыстың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, жаңа технологиялар мен жұмыстың заманауи бағыттарын да игеру үстінде. Пайдаланушылардың мүдделерін ескере отырып кітапханашылар бұқаралық жұмыстың жаңа формаларын жүзеге асыруда.

Толығырақ...

Қүрмстгі оріптсстср, сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып дайындалған әдістемелікті ұсынамыз. Бсрілгсн әдістемелік ұсыныс екі блокган тұрады: бірінші блок 1986 жылгы желтоқсан оқиғасына, ал екінші блок Тәуелсіз Қазакстанның калыптасуы мен Қазакстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Ұсыныстар осы атаулы күнге іс-шараларды дайындап және өткізу үшін кітапхана мамандарына, сондай-ақ мектеп оқушыларына, студенттер мен оқырмандарға арналған

www.blogger.com платформасында блог  құру 

әдістемелік ұсыныс.

толығырақ

Құрметті әріптестер, Сіздердің назарларыңызға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әдістемелік ұсынысты ұсынамыз.

Бұл басылым кітапханашыларға салтанатты іс-шараларды ұйымдастыруда, жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін таңдауда септігі тиеді. Құралда кітап көрмелерін ұйымдастыру және кешенді іс-шараларды дайындап өткізу бойынша ұсыныстар берілген. Ұсыныстар сонымен қатар,  байқау, викторина, әдеби-көркем, әдеби музыкалық композиция, "ерлік сабағы", тақырыптық кештер, ауызша журналдар, "естелік сағаттары" сынды т.б. топтық сабақ түрлерін дайындап өткізуде пайдасын тигізеді.  Толығырақ