•   Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК
    • Кітапханаларды дамыту бөлімі
    •  
    • «Мicrosoft Excel» кестелік процессорында
    • жұмыс істеу
    • Кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлерде Мickrosoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Мickrosoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді.
    • Excel мүмкіндіктері:
    • Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды;
    • Сақталарған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды;
    • Кестелерге жол, баған немесе ұяшық қосуды;
    • Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды;
    • Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды;
    • Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды;
    • Пайдаланушының өзі құрастырған форулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізуді;
    • Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді;
    • Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді;
    • Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды;
    •  
    • Мicrosoft Excel-ді іске қосу

Толығырақ...

Н.В.Гоголь атындағыҚарағанды ОӘҒК

кітапханаларды дамыту бөлімі

«Microsoft Wоrd бағдарламасында жұмыс істеу»

Компьютер туралы түсінік

 

Дербес компьютерлердің түрлері көп болғанымен, барлық жинаққа бірдей Қондырғылар (устройствалар) кіреді. Компьютердің барлық негізгі қондырғыларды енгізетін және ақпаратты енгізіп-шығарудың барлық басты қондырғыларына қосылған орталық бөлігі Жүйелік блок деп аталады. Жүйелік блоктың алдыңғы жағында екі басты батырмалар (кнопка) орналасқан: Rower және Reset. Rower – бұл батырманың көмегімен компьютерді қосуға және жұмыс аяқталғанда өшіруге болады. Reset – бұл батырма компьютер берілген командаларды орындамағанда, жұмысында қате кеткенде компьютерді қайтадан қайта қосуға арналған. Ескі компьютерлерде (286,386,486 процессорлы) Turbo кнопкасы бар, бұл кнопканы басу компьютердің жұмысын жеделдетуге немесе бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі Pentium Pentium 4 процессорлы компьютерлерде ол жоқ. Дисковод – ақпаратты алмастыратын тасымалдаушылармен жұмыс істейтін қондырғылар. Жылжымалы (ЛОТКОМ) – бұл СД-ROM немесе DVD дисковод, ол компакт дискілермен жұмыс істеуге арналған. Компьютердің артқы жағында ішкі қондырғыларды қосуға арналған ұялар мен разьемдар орналасқан. Монитор – бұл компьютер экраны. Принтер – компьютерде терілге ақпаратты басып шығарады. Бүріккіш және лазерлік болып бөлінеді. Сканер – бейнені цифрлық, компьютерлік түрге ауыстыруға мүмкіндік береді. Сканер мәтінді анықтап тануға, яғни кітаптан сканерленген бейнені сурет форматынан мәтін форматына ауыстыруға мүмкіндік береді. Перне тақта – ақпаратты еггізу мен басқару қондырғысы. Қазіргі пернелер бір корпусқа біріктірілген пернелерден тұрады. Барлық пернелер: әріптік-сандық және функционалдық болып бөлінеді. Әріптік-сандық пернелер ақпаратты енгізуге арналған. Әр пернені басу арқылы экранға сан немес әріп шығаруға болады. Әріптік пернелер орыс, қазақ, ағылшын режимінде жұмыс істейді. Функционалдық пернелер компьютерге қандай да бір операцияны орындауға жіберу үшін арналған.

Толығырақ...

Электрондық басылым: анықтау, есепке алу және өңдеу

(әдістемелік хат)

ГОСТ 7.83-2001 «Электронды басылым»

Бұл ГОСТ-та электронды құжатқа екі анықтама берілген, электронды құжатқа және электронды басылымға.

3.1. Электронды құжат: қолдану үшін есептеу техникасының құралдары керек, машинада оқылатын тасымалдаушыдағы құжат.

3.2. Электронды басылым: шығу мәліметтеріне ие, өзгермейтін түрде таратуға арналған, редакциялық-баспалық өңдеуден өткен электронды құжат (электронды құжаттар тобы).

Толығырақ...

Облыс ОКЖ кітапханалық зерттеуді жүргізу бойынша

Жалпы сұрақтар:

  1. Барлық жүйелер мен ведомстволардың, оның ішінде мәдениет министрлігі кітапханаларының торабы.
  2. Кітапхана және өкімет. Ауыл, аудан, қала әкімдерінің аты-жөні.
  3. Әкімшілік пен мәдениет бөлімінде тыңдалған сұрақтар.

Толығырақ...

3D кітап жасау дизайнның жаңа бағыты. Флэш технологиясының флип-әсері үйлесімді суреттері бар және дыбысты интерактивті кітаптар жасауға ыңғайлы, пайдаланушы ондай кітаппен терең қарым қатынас жасай алады.

Kvisoft FlipBook Maker – жұмыс жасауға жақсы және ыңғайлы құрал; онымен PDF файлдарды,бейне, суреттерді мультимедиа өнімдерінеайналдыруоңай. FlipBook Maker-мен жұмыс жасағандапрограммалауды білу қажет емес. Программа ағылшын тілінде, бірақ та қарапайым символдарды білетін пайдаланушыларға түсінікті.

Программаның ерекшеліктері:

Көп парақты құжатты беттері 3D әсерімен аударыстырылатын флэш-кітапқа айналдыру;Ішіндегі үлгілер өз үлгісін жасайтын мүмкіншілік береді.Кейін пайдалану үшін жобасын немесе баптауларын экспорттау және сақтау.Сайтта орналастырылған 3D кітаптар беттерінің пайдаланылғандықтары туралы талдау жасау үшін GoogleAnalytic-ті қолдау.Сіздердің пайдаланушыларыңызға 3D кітаппен әлеуметтік тор арқылы бөлісу мүмкіншілігін беру.Фондық дыбыс қосу.Әр түрлі форматта сақтау: HTML, EXE, ZIP, АРР;Беттерді iPAD, iPhone, Android және басқа портативті құрылғымен қарау.

Kvisoft FlipBook Maker программада бар кітаптың электронды көшірмесін жасауға немесе кітапты басынан бастап жасауға болады.

Көшірме жасау үшін кітап сканері BookScan қажет. Егерде мәтінді айырып тану қажет болмаса, кітаптың барлық беттері сурет түрінде сканерленеді (JPG форматта). Бірақ ондайда мәтінді редакциялау мүмкіндігі болмайды. Сондықтан кітапты сканерлегенде айырып тануды қосып құжатты PDF форматта сақтау керек.

Әдістемелік құралдар, қағида бойынша, басынан бастап жасалады. Біріншіден   Word мәтін редакторында мазмұнын құрастыру керек. Құралдың мәтінін суреттермен безендіру қажет. Суреттерді өздеріңіз жасауға немесе интернеттен алуға болады. Сонан соң түзету жұмысы жүргізіледі: мұқабасы жасалады, қателері тексеріледі, мазмұны құрастырылады).

Тәжірибе курсы

Мысалы