Кітапхана қорын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағыттары бойынша жаңа кітаптар жинақтау керек. Ол дегеніміз, кітап қорын ғылыми-техникалықпрогрестің дамуымен байланыстыжәне ауыл шаруашылығы саласына қатысты әдебиеттермен толықтыру. Өкінішке орай, осы саладағы кітаптар жана түсімдерде өте аз, немесе кейбір кітапханаларда мүлдем жоқ деуге болады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техника, жаңа технологиялар және ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша әдебиеттер шығарылмайды. Осы саладағы мамандарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкін емес, өйткені қазіргі таңда жаңа озық технологиялар пайдалануда, ал кітап қорларындағы техника және ауыл шаруашылығы әдебиеттерінің мазмұны ескірген.

Жалпы Қарағанды ОКЖ қорында техника, ауыл шаруашылығы саласына қатысты басылымдардың  пайызы орта есеппен алғанда 6% құрайды.

Облыс бойынша бір оқырманға және бір тұрғынға кітаппен қамтамасыз етуі өте жоғары (Қаражал, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау ОКЖ). Ал кітап айналымы бұл ОКЖ бір коэффиценттен төмен, жалпы облыс ОКЖ бойынша 1.2 құрайды. Бұл біздің ОКЖ кітап қорының бөлігінде «балласт» санатына жатқызылатын әдебиеттердің саны көптігін білдіреді және оларды есептен шығару қажет.

Кітапханаларды дамыту бөлімі облыс ОКЖ кітапхана қорынын жағдайы мен пайдалану мониторингін өткізуді шешті. Зерттеу объектісі бойынша қалалық ОКЖ кітапхана қорының «Техника. Техникалық ғылымдары»  және аудандық ОКЖ «Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы» саласының бөлімдері таңдалды. Кітапхана қорын зерттеу бойынша әдістемелік ұсыныспен танысааласыздар.