3D кітап жасау дизайнның жаңа бағыты. Флэш технологиясының флип-әсері үйлесімді суреттері бар және дыбысты интерактивті кітаптар жасауға ыңғайлы, пайдаланушы ондай кітаппен терең қарым қатынас жасай алады.

Kvisoft FlipBook Maker – жұмыс жасауға жақсы және ыңғайлы құрал; онымен PDF файлдарды,бейне, суреттерді мультимедиа өнімдерінеайналдыруоңай. FlipBook Maker-мен жұмыс жасағандапрограммалауды білу қажет емес. Программа ағылшын тілінде, бірақ та қарапайым символдарды білетін пайдаланушыларға түсінікті.

Программаның ерекшеліктері:

Көп парақты құжатты беттері 3D әсерімен аударыстырылатын флэш-кітапқа айналдыру;Ішіндегі үлгілер өз үлгісін жасайтын мүмкіншілік береді.Кейін пайдалану үшін жобасын немесе баптауларын экспорттау және сақтау.Сайтта орналастырылған 3D кітаптар беттерінің пайдаланылғандықтары туралы талдау жасау үшін GoogleAnalytic-ті қолдау.Сіздердің пайдаланушыларыңызға 3D кітаппен әлеуметтік тор арқылы бөлісу мүмкіншілігін беру.Фондық дыбыс қосу.Әр түрлі форматта сақтау: HTML, EXE, ZIP, АРР;Беттерді iPAD, iPhone, Android және басқа портативті құрылғымен қарау.

Kvisoft FlipBook Maker программада бар кітаптың электронды көшірмесін жасауға немесе кітапты басынан бастап жасауға болады.

Көшірме жасау үшін кітап сканері BookScan қажет. Егерде мәтінді айырып тану қажет болмаса, кітаптың барлық беттері сурет түрінде сканерленеді (JPG форматта). Бірақ ондайда мәтінді редакциялау мүмкіндігі болмайды. Сондықтан кітапты сканерлегенде айырып тануды қосып құжатты PDF форматта сақтау керек.

Әдістемелік құралдар, қағида бойынша, басынан бастап жасалады. Біріншіден   Word мәтін редакторында мазмұнын құрастыру керек. Құралдың мәтінін суреттермен безендіру қажет. Суреттерді өздеріңіз жасауға немесе интернеттен алуға болады. Сонан соң түзету жұмысы жүргізіледі: мұқабасы жасалады, қателері тексеріледі, мазмұны құрастырылады).

Тәжірибе курсы

Мысалы