Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын, талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған. Жамбыл педагогикалық институтын бітірген.

2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінің «Жас қалам» қосымшасының редакторы.

Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 2000 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады» (1995), «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. 2008 ж. «Кентавр» кітабы жарыққа шықты.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты (2000). Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.

«Студенттер көктемі» фестивалінің бас жүлдегері болған. Еліміздегі бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Жастар Одағының ”Дарын” жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты.

Қазір Қазақстан Жазушылар Одағында Әдебиетшілер үйінің директоры қызметін атқарады.

Ақын «Муза» деген өлеңінде:

  • Басса да жер дүниені көшкін мейлі,
  • Сен ғана өлмейтін де, ескірмейтін.
  • Құдай мен Құраннан соң бір өзіңсің,
  • Тұрмайды басқа нәрсе тырнағыңа» - Музаны ұлықтайды, жырлайды.
  • Сүлеймендей аң мен құсқа зар айтып,
  • Өз басымды өз жырыммен қарайтып.
  • Опат болып, оты сөнген ғаламдай,
  • Жанға дәру бір сәулені таба алмай.
  • Ойларымды жинай алмай шашылған,
  • Мен Уақыттың өтіп барам қасынан, — деп жырлаған поэзия кеңістігінің жарық жұлдызы өз мезгілінен озып бара жатқан сирек құбылыс.

Шығармалары:

  • 1) Ыбыраев М. Көңіл көктемі: әндер, романстар // М.Ыбыраев.– Алматы: Өнер, 1989. – 88 б.
  • 2) Қос ішек: өлеңдер мен әңгімелер жинағы // Қазақстан: XX ғасырға жол. – 2000. – № 4-5. – 253 б.
  • 3) Райымбекұлы М. Арман: (метапоэма) / М.Райымбекұлы // 2000. – 16 маусым (№24). – 5 б.
  • 4) Райымбекұлы М. Ай: өлеңдер мен поэма / М.Райымбекұлы. – Алматы: Жазушы. - 2001. – 168 б.
  • 5) Ыбыраев, М. Ар [Мәтін]: [Өлеңдер] / Ыбыраев М. // Азия Транзит. - 2001. - N10.-7 б.
  • 6) Райымбекұлы М. Күн астында қанат жаяр жетті кез... өлең / М.Райымбекұлы // Парасат. – 2003. - №12. – 12 б.
  • 7) Райымбекұлы М. Махамбеттің мүсіні: Махамбет - 200 / М.Райымбекұлы // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 16 мамыр. –12б.
  • 8) Маралтай. Ағаға арнау: [ақын Т.Медетбекке арналған жыр] / Маралтай // Жас алаш. – 2005. – 11 желтоқсан. – 11 б.
  • 9) Райымбекұлы М. «Ұғымына жұрттың сыймаған...»: [ақын А.Ыбыраев туралы] / М.Райымбекұлы // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 30 наурыз (№13). – 7 б.
  • 10) Райымбекұлы, М. Кентавр [Мәтін] / М. Райымбекұлы. - Алматы : Жалын. - 2008. - 109 б.
  • 11) Райымбекұлы, М.Гүлғасыл [Мәтін] / М. Райымбекұлы // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 15-21 ақпан (№ 7). - 12 б.
  • 12)  Райымбекұлы, М.О дүниеге хат: С.Ерубаевқа арналған өлең [Мәтін] / Райымбекұлы, М. // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 27 тамыз. - 4  б.
  • Мақалалары:
  • 1) Райымбекұлы М. Әр адам бір-бір шыңырау // Қазақ әдебиеті. – 2004. - №12. – 15 б.
  • 2) Райымбекұлы М. «Жырларым менің – күнәмнің күллі тізбегі...»: ақын Жарас Сәрсек туралы / М.Райымбекұлы // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 4 қазан. – (Жас қалам,№4. – 7 б).
  • 3)  Райымбекұлы М. Бекболат Тілеуханов: «Өмірдің өзі кездесу мен қоштасудан тұрады» / М.Райымбекұлы // Заң газеті. – 2004. – 25 маусым. – 4 б.
  • 4)  Райымбекұлы М. Менің сахнаға шығуымды уақыттың өзі қажетсінді: сахна падишасы КСРО, ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты КСРО, ҚР халық әртисі і Әшімов Асанәлімен сұхбат / сұхбаттасқан М.Райымбекұлы // Заң газеті. – 2004. – 2 сәуір. – 2 б.
  • 5) Райымбекұлы М. «Ұғымына жұрттың сыймаған...»: [ақын А.Ыбыраев туралы] / М.Райымбекұлы // Қаақ әдебиеті. – 2006. – 30 наурыз (№13). – 7 б.
  • 6) Райымбекұлы М. Құдайдан басқа досым жоқ: М.Райымбекұлымен сұхбат / сұхбаттасқан К.Жұмағали // Azamaт. – 2006. – 24 наурыз (№11). – 8 б.
  • 7) Райымбекұлы, М.Әр адам бір-бір шыңырау [Мәтін] / М Райымбекұлы // Қазақ әдебиеті. - 2004. - №12. - 15  б.
  • 8) Ыбыраев, М. Көшбасшы [Мәтін] / М. Ыбыраев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 6 шілде (№ 279/280). - 5, 6, 7, 8 б.
  • 9) Райымбекұлы, М. Жалғыз Жирен [Мәтін] : ақын Бауыржан Жақып туралы үзік сыр / М. Райымбекұлы // Алаш айнасы. - 2013. - 16 мамыр (№ 79). - 5 б.

Ол туралы:

  1. Ыбыраев Маралтай // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. - 347 б.
  2. Ыбыраев Маралтай // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 562-563 б.
  3. Әдебиет және жастар: әдеби өмір / Қазақ әдебиеті. – 2001. – 5 қаңтар (№1). – 8 б.
  4. Қазір бізде жалын да бар, от та бар...: әдебиет және жастар // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 27 шілде (№30). – 8-9 б.
  5. Жүніс Е. Маралтай Райымбекұлы: Өз мұңын таныған адам – өзін таныған адам: ақын Маралтаймен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Жүніс // «Адырна» ұлттық этнографиялық порталы.
  6. Әдебиет және жастар: әдеби өмір [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 5 қаңтар(N1). - 8  б.
  7. Медетбек, Т. Алтынкөпірліктер [Мәтін]: (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б ; №2. - 126-140 б.
  8. Бабажанұлы, Б. Кентавр / Б.Бабажанұлы // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 15-21 маусым (№24). – 7 б.  
  9. Сәрсенбай, Қ.  Тұлға-тағдыр [Мәтін] : [тұлғатану] / Қ. Сәрсенбай. - Алматы : Білім, 2012. - 303 б. : портр. - (Тәуелсіздік толғауы). - ISBN 9965-22-373-4 (мұқ.).
  10.  Төленқызы, Р. Маралтай Райымбеков, ақын, ҚР Президенті грантының лауреаты: Сөздің киесі сіңбейінше, өлеңді жазбаймын: ақын Маралтаймен әңгіме / әңгімелескен Раушан Төленқызы // Астана ақшамы. – 2012 – 19 шілде. Р.
  11.  Ибрагимова, Қ. Маралтай Райымбекұлы: Мен мықты ақынмын: ақын маралтаймен әңгіме / әңгімелескен Қарлыға Ибрагимова // MINBER. Kz. Ұлттық Интернет газеті. – 2012. – 27 шілде.
  12.  Ибрагимова, Қ. Маралтай Райымбекұлы: Мықты ақынның басын жерге тықпау керек [Мәтін]: ақын М. Райымбекұлымен әңгіме / әңгімелескен Қ.Ибрагимова // Халық сөзі. - 2012. - 24 шілде (№ 58). - 6 б.
  13. Маралтай // Алтын орда.