Күн сайын өрлеп келе жатқан қыздар поэзиясының өкілдерінің бірі, жас ақын Жанар Әбсадық 1981 жылы 12-қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 1998-2002 жылғы түлегі. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлделі жеңімпазы. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Бір топ өлеңдері «Жас толқын» жас ақындар антологиясында жарық көрген. «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист болып қызмет атқарады.

Шығармалары:

  1. Әбсадық, Ж. Сен-мендік едің, шөл едің [Мәтін] : поэзия / Ж.Әбсадық // Таң-Шолпан. - 2004. - №1. - 72-77  б.
  2. Ж.Әбсадық. Өлеңдері. Қазақ поэзиясы - Мәссаған!

Мақалалары:

  1. Әбсадық, Ж. Біздерге ұқсас көлеңкелер ойыны... [Мәтін] / Ж.Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 16 қараша(N46). - 9  б.
  2. Әбсадық, Ж. Дәурені жүріп тұрған эстрада [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2008. - №9. - 12  б.
  3. Әбсадық, Ж. Әннің Әз-Жәнібегі [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 25-31 шілде (№ 31). - 7 б.
  4. Әбсадық, Ж. Біз кімдерді пір тұттық [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 15-21 мамыр (№ 19). - 1, 5 б.
  5. Сапаров, Қ. "Қазақ ғылымының жұлдызы жарқырайтын күндер алда" [Мәтін] / сұхбаттасқан Жанар Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 17-23 шілде (№31). - (Ертөстігім бір төбе).
  6. Әбсадық, Ж. "Макондо, о, менің макондом!..." [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 5-11 ақпан (№ 5). - 7 б.
  7. Әбсадық, Ж. Он екі беттік дәптерден басталған жазушылық сапар [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 7-13 мамыр (№ 18). - 1, 5 б.

Ол туралы:

Пәк сезімнің жыр-гүлі [Мәтін] / дайындағандар Г. Бектасова // Түркістан. - 2012. - 8 наурыз (№ 10). - 10 б.