Әдебиетіміздегі жас қаламгерлердің бірі, прозашы Мақсат Мәлік 1984 жылы 10-желтоқсанда Шалқар ауданының Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің проза номинациясы бойынша Гран-При жүлдесін иеленген. Қазақ радиосында қызмет етеді.

Талантты жас прозашының шығармалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүр.

Қысқа да жинақы стилімен ерекшеленетін жазушы. Оның әңгімелерінің астарында терең ой жатады. Жаңаша жазатын, экспериментке баратын жас жазушының «Жұмбақ кітап» атты тұңғыш кітабы жарыққа шыққан. М.Мәліктің шығармаларынан бүгінгі қартайған, тоқтап қалғандай әсер қалдыратын қоғамдағы адам санасының, тереңдеп бара жатқан ұлттық санамыздың аласұрып дағдарған күйі көрінеді.

Шығармалары:

  1. Мәліков, М. Жұмбақ кітап [Мәтін]:[проза] / М. Мәліков. - Алматы : Жалын баспасы, 2011. - 221 б. - (Жас толқын).
  2. Мақсат Мәліков Рамазанұлы. Ажалды қуған жігіт: әңгіме // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап / құраст. Н.Байсақалова. – Алматы, 2005. – 180-183 б.
  3. Мәліков М. Ұлы адам: әңгіме / М.Мәліков // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 27 қаңтар (№4). -10 б. – (Жас қалам, №1).
  4. М.Мәлік. Бассыз бөрі |Abai.kz ақпараттық порталы.
  5. М.Мәліков. Періште мен жынды.
  6. М.Мәліков. Қазақ прозасы - Мәссаған!

Мақалалары:

1) Мәліков М. Әкесіз бала «жетіммін» демес / М.Мәліков // Парасат. – 2006. - №1. – 22-23 б.

2) Мәліков, М. Ұлы адам [Мәтін] : әңгіме / М. Мәліков // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 27 қаңтар (№4). - 10 б.

3) Мәліков, М. Шарт [Мәтін] / М. Мәліков // Жалын. - 2008. - № 10. - 78-87 б.

 Ол туралы:

 Қаныкейұлы, Е. Қазақ прозасының болашағы [Мәтін] / Е. Қаныкейұлы // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 26 қазан-1 қараша (№ 44). - 6 б.