Биыл заманымыздың заңғар жазушысы, академик, драматург, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің  125 жылдық мерейтойы.

Осыған орай кітапханамызда 27 қыркүйек күні Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, шығармашылығын кеңінен насихаттау, заңғар жазушыны құрметтеуге, елін жерін, әдебиетті сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби - сазды кеш өтті.

Толығырақ...

22 қыркүйек күні кітапханамызда мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде  тойланып жатқан алаштың арысы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері,  ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған "Дәуірдің жарық жұлдызы" атты әдеби-тарихи кеш өтті.

Әдеби-тарихи кешке Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "Тұлғатану" пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент, профессор Н.А. Бейсембекова, т.ғ.к., доцент, профессор Л.Қ. Шотбакова, тарих ғылымының доценті, профессор Г.М. Смагулова, тарих ғылымының, доценті, профессор Б.Т. Төлеуова және де тарих факультетінің аға оқытушысы, доцент Н.Б.Смағұловтар сөз сөйлеп, Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында, шығармашылық мұрасы туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Толығырақ...

Биылғы жылы жерлесіміз, қазақтың бұлбұл әншісі күлаш Байсейітованың 110-жылдық мерейтойы.

Ерекше дарын иесін ұлт болып ұлықтау мақсатында кітапханамызда бүгін «ӘН ПЕРІШТЕСІ – КҮЛӘШ!» атты әдеби сазды кеш өтті.

КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Күләш Байсейітованың шығармашылығына арналған кітап көрме мен облыстық Бейнелеу мұражайының қорынан қыл қалам шеберлерінің әншімізді бейнелеген картиналары қойылып, қалың оқырманға таныстырылды.

Толығырақ...

23 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге алғашқы жалпы республикалық «KitapTime-2022» кітап фестивалін өткізді.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз Кітап мерекесіне айналды.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры алаңына фестивальға қатысу үшін 150-ден астам адам жиналды. Мерекелік алаңды «Оқуға ұсынамыз!» атты Әдеби киіз үйлері, «Қасым Баспа Үйі» және «Cocobee» сауда дүкендері ұйымдастырған «Мені өзіңмен ала кет!» кітап шопингі алаңдары ажарландырды. Жиылған қауымға шеберлік сыныптар өткізіліп, суретке түсу алаңдары жұмыс жасады.

Толығырақ...

"KitapTime-2022" республикалық кітап фестивалінің

23 қыркүйек күні сағат 11.00-де академиялық музыкалық комедия театры алаңында Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы жалпы республикалық "KitapTime-2022" кітап фестивалінің салтанатты ашылуына қатысады.

Фестивалдің мақсаты – кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Толығырақ...