«Күн нұрына бөленген Қарағанды... Таңертеңнен кешке дейін көшелерде адамдар легі толастамайды, кейбіреулері жұмысқа асығып бара жатса енді біреулері жұмыстан үйлеріне қайтып барады, тіпті, көшені бойлап, ақырын басып қаланы, ондағы ескерткіштерді, мемориалды тақталарды тамашалап естерінде сақтап қалғысы келетіндерде аз емес. Көшелер... Үлкен қаланың көшелері..., олар туған өлкеміздің тарихы туралы, болған оқиғалар, аяқталған үлкен істер, қаланың тамаша адамдары, олардың ерліктері мен батырлықтары туралы көп сыр шерте алады.

Қарағандының көшелерімен жүріп өткенде елдің, біздің облысымыздың тарихында жарқын бейнелері сақталып өшпес із қалдырған есімдерді еске аламыз. Бұл туралы бізге «Олардың есімдерімен Қарағанды көшелері аталады» деген библиографиялық көрсеткіштер сериясы көмектеседі. (1973, 1989, 2004, 2005)