• Лицензиялық бағдарламалық жасақтама
  • Заман талабына сай облыс кітапханалары лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы қолға алып келеді. Алғаш рет «Бағдарламалық жасақтама» тақырыбы 2007 жылы ОКЖ директорлары мен бас есепшілер қатысқан «Мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру жоспары: 452-ші ерекшелік – материалдық емес активтер (лицензиялық бағдарламалар), лицензиялық бағдарламалық жасақтамаларды сатып алу, олардың қымбат құны, лицензияларды иеленуге кететін шығындардың минимизациясы» түбегейлі талқыланған семинарда қарастырылған болатын. Семинарда ОКЖ директорларына білім беру мекемелеріне, оның ішінде кітапханалар үшін де айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған OLP AE (Open License Academic) бағдарламасы бойынша лицензиялар сатып алу ұсынылған еді.
  • 2008 жылғы Қырым конференциясынан кейін ОКЖ директорларымен қайыра кездесу өткізу жайлы ой туып, 2008 жылдың 9 қазанында директорлар үшін семинар ұйымдастырылды. «Кітапханаларды дамыту бөлімі» директорлардың аталмыш тақырыпты игеру деңгейлерін тексеру мақсатында «Лицензия нұсқалары», «Лицензиялық келісімде не айтылады?», «Бағдарламалық жасақтама көшірмесінің заңдық дұрыстығына қалай көз жеткізу керек?», «Бағдарламалық жасақтаманың қорапты нұсқасының ерекшелігі неде?», «Кітапханалар үшін қаржыландыру аясында қандай нұсқа ең пайдалы саналады?», «Түпнұсқалық сертификаты болмаған жағдайда Сіздің не істеуіңіз керек?», «Өнімге құжаттаманың дұрыстығын қалай тексеру керек?», «Бағдарламалық жасақтаманы бір дербес компьютерден екіншісіне ауыстыруға бола ма?», «Филиалдарды қалай лицензиялау керек?», «Диск голограммамен, ол не үшін керек?», «Бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен пайдалану жариялылығын растайтын құжаттар?»және т.б. сауалдардан тұратын тестілеуді даярлады. Бағдарламалық сатып алу жағдайын талдау мінездемесі үшін ОКЖ директорларынан SWOT-талдауды пайдалану деңгейлерін көрсетуді өтінген едік, Strength’s - мықты жақтары мен Weaknesses - әлсіз жақтарын, Opportunities - мүмкіндіктер және Threats - қауіптерді анықтаулары тиіс еді, өкінішке орай директорлардың берген жауаптары көңілден шықпады.
  • Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қызметкерлер құрамы өнімділігін арттыру өзекті тақырыптардың бірі саналатындықтан, бұл тестілеу ОКЖ директорларына лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен онымен одан әрі жұмыс істеу сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетудегі негізгі тапсырмаларды анықтауға септігін тигізіп, алдағы уақытта жергілікті жерлерде жүйе техниктерімен, бағдарламашылармен бағдарламалық жасақтаманы немесе еркін бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау, одан әрі лицензияларды басқару барысында туындайтын мәселелерді дұрыс шеше біліп, оқып-үйренуде көмек ретінде ұйымдастырылды.
  • Директорлармен өткен кездесуге «ЦТО Плюсмикро» ТОО бағдарламалық жасақтаманы лицензиялаудың маманы В.В.Сухочев қатысып, «Лицензия түрлері», «Бірлескен лицензиялау программалары», «Автор құқығын қорғау түрлері», Microsoft программалық жасақтамаға тұрақты лицензияларды анағұрлым төмен бағамен сатып алу мүмкіндігін беретін «MICROSOFT заңдастырылған шешімдері», «Academic Open License бпрограммасының ерекшеліктері» тақырыптары төңірегінде мол мағлұмат берді.
  • Қозғалған тақырыптар ішінде «Авторлық құқықты қорғау түрлерін» талқылағанда Қазақстан Республикасының әкімшіліктік құқықты бұзушылық туралы айтылған 129-бабы (авторлық және аралас құқықтардың бұзылуы) мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының 184-бабы (авторлық және аралас құқықтардың бұзылуы) мұқият қарастырылып, авторлық құқықты сақтауды қадағалауға құқықты ұйымдар туралы мәліметтер берілді:
  • · Қазақстан Республикасы зияткерлік меншігінің құқықтары бойынша комитет
  • · Мемлекеттік салық қызметінің ұйымдары
  • · Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
  • · Прокуратура ұйымдары
  • · Тұтынушы құқығын қорғау істері бойынша ұйымдар
  • Кездесуден кейін тиісті қорытындылар жасалып, келесі шешімдер қабылданды:
  • ·  2008ж. 1 қарашасына дейін «Кітапханаларды дамыту бөліміне» бағдарламалық жасақтаманың бар болуы туралы ақпарат жинап (осы бөлім дайындаған кесте бойынша), ұсыну;
  • ·  жүйе техниктерімен және бағдарламашылармен семинар өткізу (қараша);
  • · «Бағдарламалық жасақтаманың есеп тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» дайындау. Жоба.
  • Бұл семинардан соң директорлар жергілікті жерлерінде айтарлықтай жұмыстар атқарып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушілерін, бас есепшілерді лицензиялық бағдарламалар жайлы ақпаратпен хабардар етті. Барлық ОКЖ бағдарламалық жасақтаманың бар болуы жайлы толық ақпаратты жинақтап, кітапханалардағы барлық компьютерлерде бағдарламалық жасақтама лицензиясының орнатылғандығын түбегейлі зерттеп, көптеген бас есепшілер бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен аударылған қаржы туралы құжаттарды қайта салыстыра, бір тексеріп өтті.
  • Барлық ОКЖ кешенді тексеруді жүзеге асырып, қорытындылап, «Кітапханаларды дамыту бөліміне» бағдарламалық жасақтаманың бар болуы, олардың нұсқалары туралы есепті ұсынды.
  • 2008 жылдың 1 қарашасында облыс кітапханаларындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтама саны 859-ді құраған еді, есеп беру жылының аяғында Шахтинск, Приозерск, Нұра ОКЖ лицензиялық бағдарламаларды сатып алды.
  • 2009 жылдың 1 қаңтарындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтама
  • Берілген кестеден облыс кітапханаларының «Windows XP» операциялық жүйесінің 2-нұсқасын пайдаланатыны көрінеді. 143 компьютерде – Microsоft Windows XP Home Edition, 177 компьютерде - Microsoft Windows XP Professional. Ал Ұлытау, Шет, Балқаш, Сәтпаев, Қарағанды сияқты ОКЖ олар мүлдем жоқ.
  • 107 компьютерде Microsoft Office Standart Edition 2003 орнатылған. 2008 жылдан бастап кітапханалар Microsoft Office 2007 сатып ала бастады. Барлығы – 112. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК –30, Шахтинск ОКЖ – 31, Теміртау ОКЖ - 31, Бұқаржырау ОКЖ – 18, Қарағанды ОКЖ – 6.
  • ABBYY FineReader Corporate Edition. Мәтінді көшіріп алуға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Барлығы – 39. Облыстың 11 кітапханасында ғана қолданылады: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 9, Абай атындағы ОБК – 1, Ж.Бектұров атындағы ОЖК – 1, облыстық зағиптар кітапханасында – 1; ОКЖ: Абай - 2, Ақтоғай -2, Бұқаржырау - 3, Приозерск -1, Жаңаарқа -2, Қарқаралы - 4, Нұра - 5, Осакаров- 3.
  • Adobe Photoshop. Суретті көшіріп алуға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама, 2 кітапханада ғана бар: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 2, Шахтинск ОКЖ – 1.
  • Publisher. Барлығы - 35. Приозерск ОКЖ басқа барлық ОКЖ және 3 облыстық кітапханада бар (Абай атындағы ОБК жоқ).
  • Macromedia Dreamweaver. Веб-сайт құруға, онымен жұмыс істеуге арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 2, Шахтинск ОКЖ – 1.
  • Серверлерге арналған Windows Server ClientAccessLicense 2003 Russian OpenLicensePack лицензиялар – тек Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бар – 52, Ж.Бектұров атындағы ОЖК – 5, Шахтинск – 38.
  • Антивирустық бағдарламалар. Облыстың 30 кітапханасында 192 компьютерде антивирустық бағдарламалық орнатылған. Оның ішінде тек Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК - DrWeb Enterprise Suite, 80 компьютерде 12 айға арналған жыл сайын ұзартылып отыратын лицензия пакеті бар. Облыстық зағиптар кітапханасында 14 компьютерде – DrWeb орнатылған. 67 компьютерде (Бұқаржырау, Нұра, Балқаш, Шахтинск, Приозерск, Абая атындағы ОБК) Касперский антивирусы орнатылған, 18 компьютерде - NOD32 (Ж.Бектұров атындағы ОЖК).
  • Лицензия түрлерін талдай келе, облыс кітапханаларында бағдарламалық жасақтама сатып алудың үш әдісі бар деуге болады:
  •  
  • ·           Қорапты нұсқа;
  • ·           ОЕМ;
  • ·           Бірлескен лицензиялар;
  •  
  • Ең көп тараған нұсқа, бұл – ОЕМ – нұсқалар – 357. Бұл сатып алудың ең арзан нұсқасы болып табылады және тапсырыс жиынтығына: голограммалы тасымалдағыш, СОА түпнұсқалық сертификаты, лицензиялық келісім, пайдаланушының басылып шыққан басшылығы (оның өзінде әрқашан емес) бірге кіреді. Лицензияның жарамдылық мерзімі компьютердің пайдаланылу мерзімімен бірдей болады, OEM-нұсқаларын дербес компьютерді немесе жинаушыдан серверді сатып алғанда бір мезгілде сатып алуға болады. OEM-лицензиялары компьютерлік техникадан жеке ақырғы пайдаланушыларға таратуға арналмаған, әрі өнімді пайдалануға құқықтар шектелген, жаңару нұсқалары мен арнайы академиялық бағалар жоқ.
  • Қорапты нұсқа – 171. Облыс кітапханалары үшін компьютерлік бағдарламалардың қорапты нұсқасын сатып алу Microsoft бағдарламалық жасақтаманы сатып алудың ең оңай жолы болып табылғанымен, бағасы жағынан ең қымбаты саналады. Оларды сатып алғанда өнімді орнату мен пайдалануға арналған қажетті құрауыштардың, нақты айтқанда – лицензиялық келісімнің, түпнұсқалық сертификаттың, бағдарламалық өнімді дистрибутивтің, тәртіптегідей баспалы түрдегі тіркеу кәртішкесі мен құжаттаманың, ең бастысы – тұрақты (мерзімсіз) лицензиялар қоса беріледі, бұл да кітапханалар үшін аса маңызды. Бірақ бағдарламалық өніммен бір қорапты сатып алған жағдайда маман бағдарламаны басқа компьютерлерге орната алмайды, оған құқығы жоқ. (ОКЖ бар компьютерлер 15-40 арасын құрайды).
  • Бірлескен лицензиялар – 331, оның ішінде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК 217 бірлескен лицензия бар. ОКЖ арасында Шахтинск, Бұқаржырау, Нұра ОКЖ сатып ала бастады.
  • Әр ОКЖ лицензияның қандай да болмасын түрлері бар, лицензия түрлерін талдай келе, тәжірибе арқылы бірлескен лицензиялардың неғұрлым пайдалы екендігіне көз жеткіздік.
  • Облыс кітапханаларындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтаманың бар болуы бағдарламашы немесе жүйе технигі мамандары бар кітапханаларда жұмыстың анағұрлым дұрыс жүргізілетіндігін көрсетті. Жоғарыда айтылғандай, облыс кітапханаларында бар 959 бағдарламалық жасақтаманың көп бөлігі (291) Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК тиесілі. Өкінішке орай ОКЖ жүйе техниктерінің басым бөлігі бағдарламалық жасақтама прайсымен жұмыс істей білмейді, тіпті бағдарламалық жасақтаманы дұрыс таңдап, жөндеп сатып та ала алмайды. Сондықтан да Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК мамандарды ақпараттандырып, тәжірибелік сабақтар берілетін іс-шараларды міндетті түрде ұдайы өткізіліп отырады.
  • Бүгіндері ОКЖ үшін заңдастырылған шешімдер маңызды, себебі компьютерлер болса да, көп кітапханаларда лицензиялық бағдарламалар жоқ, кейде олар компьютер санына сәйкес келмейді.
  • Лицензия сұлбасы және лицензияларды сатып алудың қолайлы логистикасы, бағдарламалық жасақтаманы мүліктендіру, лицензиялық тазалықты қамтамасыз ету бойынша оңтайлы саясат жасау, лицензиялық емес бағдарламалық жасақтаманы пайдаланумен байланысты қаржылық тәуекелдер және т.т. туындап жатқан сауалдарды талдап, талқылап, қажетті шешімдерді қабылдау үшін Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК және «ЦТО ПлюсМикро» ЖШС 2008 жылдың 19 қарашасында ОКЖ бағдарламашылары мен жүйе техниктері үшін «Бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау» атты облыстық семинар өткізді.
  • Аталмыш семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Ж.К.Шаймұханбетова ашып, көкейкесті мәселенің бірі облыс кітапханалары күні бүгінге дейін бағдарламалық жасақтаманы ойдағыдай сатып алып, оның есебін дұрыстап жүргізе алмай келетіндіктен, бұл семинардың лицензия түрлері мен лицензиялау сұлбасын зерттеуде тигізер көмегі көп деп, лицензиялық бағдарламалар есебіне жете тоқталып, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК дайындаған облыс кітапханаларындағы «Бағдарламалық жасақтаманың есеп тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» туралы айтып өтті.
  • «ЦТО ПлюсМикро» ЖШС бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау бойынша мамандары В.В.Сухочев, А.О.Белякин «Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелерді қалай дұрыс лицензиялау керек?», «Лицензиялық бағдарламалық жасақтама құндылығы және ақпараттық технологиялар саласында зияткерлік меншікті қорғау», «Өнімдер инсталяциясы мен активтеуінің ерекшеліктері және түрлі өнімділіктіжүйелер үшін техникалық шешімдер» тақырыптарында тұсаукесерлер жасады.Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бөлім меңгерушісі, білікті маман Рақымова Нұрғайын Әнуарқызы, Нұра ОКЖ жүйе технигі Матвеев Александр, Саран ОКЖ инженер-жүйе технигі Киммель Юрий Генрихович, Жезқазғандық жүйе технигі Аманжолов Дулат, Абай ОКЖ жүйе технигі Филиппенко Игорь сияқты семинар мүшелері белсенділікпен қатысып, мамандарға «Microsoft бағдарламалық жасақтамаға бірлескен лицензияны қалай сатып алуға болады?», «Windows XP Professional лицензиялы емес көшірмесі бар компьютерлер үшін операциялық жүйені қалай заңдастыруға болады?», «Windows XP Professional үшін Get Genuine Kit (GGK) және Windows XP Professional (GGS) үшін Get Genuine Solution, олардың айырмашылығы неде?», «Операциялық жүйеге лицензия таңдау алгоритмі», «Телефон арқылы активтеу», «Өнімнің кілті деген не?», «Өнімді қалай тіркеу керек және кілттік файл қалай алынады?», «Антивирустар» деген сұрақтар қойды. Еркін бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға көмекке 15-ші мерейтойлық Халықаралық Қырым конференциясының материалдары ұсынылып, кітапханалық еркін бағдарламалық жасақтаманы (СПО) өндірушілер, ашық дереккөздерден лицензиялау жүйесін пайдалануға көшу мүмкіндіктері, осы дереккөздерден тегін өнімдерді пайдалану жолдары айтылды:
  • ·  Linux операциялық жүйесі
  • ·  Open office - Microsoft Office барабар тегін аналог
  • ·  Mozilla Firefox – Интернет – браузер мен электронды пошта
  • ·  Сlamwin – антивирустық бағдарлама
  • ·  кітапханалар үшін бағдарламалық жасақтама: еркін бағдарламалық жасақтаманың ең ірі кітапханалық жобасы - Koha жүйесі, бұл ашық кодты мамандандырылған кітапханалық жүйе
  • ·  электронды кітапханалар үшін бағдарламалық жасақтама - Greenstone белгілі программалық жүйесі, http//www.nzdl.org сайтында 50 астам электронды жинақ ұсынылған, жүйенің өзін http//www.greenstone.org сайтынан алуға болады
  • Семинарда еркін бағдарламалық жасақтама төңірегінде пікірталас туындап, оны пайдаланғанда бейімделу, баптау, жөндеп, түзету, хостинг үшін ақы төлеу қажеттігі, оның кітапханаларға қымбатқа түсетіні талқыға түсіп, алдағы 2009 жылға кітапхана бюджетінде бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен оны жаңартуға қаржы бөлінбегенін ескергенде еркін бағдарламалық жасақтама, қазіргі дағдарыс кезінде қиын жағдайдан шығудың бір амалы деген пікірге тоқтады.
  • Кітапханалар үшін заңды бағдарламалық құралдарды пайдалану сияқты қызметтің жаңа саласы ашылғандықтан, қарастырылған тақырыптар қызығушылық тудырып, көп көңілінен шықты.
  • Қорытындылай келе, облыс кітапханалары үшін бағдарламалық жасақтама төңірегінде жасалған алғашқы қадамдар 2009 жылға арналған ұсыныстар қатарын тұжырымдауға мүмкіндік береді:
  • · жергілікті жерлерде «Бағдарламалық жасақтаманың есеп Тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» атты Жобаны қарастырып, ұсыныстар енгізу;
  • · компьютерлік бағдарламаларды орнату және көшіруді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманың жүйелі мүліктендірілуін ұйымдастыру,
  • лицензияларды сатып алудың ақысын бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретін және жеңілдіктер қарастырылған бірлескен лицензиялау бағдарламаларын пайдалану;
  • лицензияланбаған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану мәселесіне өте мұқият қарау;
  • · Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК мен «ЦТО ПЛЮСМИКРО» ТОО әлеуметтік серіктестігі аясында С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасы базасында «Бағдарламалық жасақтама және Қазақстан заңнамалары: қорғау және перспективалар» атты аймақтық семинар ұйымдастырып, өткізу;
  • Алдағы уақытта ақпаратты антивирустық қорғауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар:
  • · «Әр кітапханаға - антивирустық қорғау» акция;
  • ·  Жүйе техниктері мен бағдарламашыларға арналған «Қарағанды облысының кітапханаларындағы ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты антивирустық қорғау» семинар;
  • Дайындау қажет:
  • · «Қарағанды облысының Мемлекеттік кітапханаларындағы ақпаратты антивирустық қорғау» имидж-жоба;
  • · «Қарағанды облысының кітапханаларындағы ақпаратты антивирустық қорғау жүйесі туралы» Жағдай;
  • · «Қарағанды облысының кітапханаларында ақпаратты антивирустық қорғау құралдарын қолдану туралы» Нұсқау;
  • Даярлау қажет:
  • · «Ашық дереккөздерден еркін ақпараттық қамтамасыздандыру: Кеңселік дестелер. Пошталық клиент. Антивирустық дестелер» тізім;
  • · Вирус, спам және тағы басқалардан ақпаратты қорғау саласында білім деңгейін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар;
  • Жоғарыда аталған іс-шаралар облыс кітапханаларында компьютерлік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауға ықпал етуде. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бұл бағытта айтарлықтай іс-тәжірибе жинақтаған. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК оңтайлы лицензиялау саясаты ақпараттық технологияларды енгізу бойынша аға кеңесші, білікті маман Қайрат Рақымовтың білімділігінің, білгірлігінің арқасында жүзеге асырылып келетінін айта кеткен жөн. Қ.Рақымов бағдарламалық жасақтаманың академиялық нұсқаларын Microsоft және басқа да бағдарламалық жасақтама жабдықтауыштарының прайстары бойынша жеңілдікпен таңдап алуға көмектесіп, антивирустық қорғауды қатаң қадағалап, «DrWeb» жүйелі түрде, ұдайы жаңартып, т.б. озық технологияларға қатысты барлық жұмыстарды зор жетістікпен атқарып келеді. Автоматтандыру бөлімінің мамандары «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК компьютерлік қауіпсіздік туралы Жағдай», «Компьютерлік ақпараттық желіні пайдаланушының Нұсқауы», «Бағдарламалық жасақтама және компьютерлік жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану бойынша пайдаланушы Нұсқауы», «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК компьютерлік техниканы пайдалану Тәртібі» атты нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды дайындады.
  • Кітапхана басшылары, бағдарламашы, жүйе технигі сияқты мамандар жұмыстарына зор жауапкершілікпен қарап, дұрыс әрекет етсе, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүргізілетін жұмыстар мен лицензиялаудың тиімді саясаты ойдағыдай жүзеге асады деген ойдамыз.
  •